freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Пәкістанда шиіт мешітінде жарылыс болып, 30-дан астам адам қаза тапты

Әлем
Пәкістанда шиіт мешітінде жарылыс болып, 30-дан астам адам қаза тапты
Фото: Getty Images

Пәкістанның Исламабад қаласындағы шиіт мешітінде жарылыс болып, 30-дан астам адам қаза тапты, деп хабарлайды Malim.kz ВВС-ге сілтеме жасап.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, теракт салдарынан 31 адам көз жұмып, тағы 169 адам жараланған. Жарылыс жұма намазынан кейін болған.

БАҚ-тың полицияға сілтеме жасап хабарлауынша, жарылғыш құрылғыны мешіт кіреберісінде тоқтатылған жанкешті іске қосқан.

«Шабуыл жасаушыны қақпа маңында тоқтатқан кезде ол өзін жарып жіберді», – деді AFP агенттігіне аты-жөнін атамаған дереккөз.

Полиция қаза тапқандар саны әлі де өсуі мүмкін екенін ескертті.

241 миллион халқы бар, негізінен сунниттер басым Пәкістанда шиіттер діни азшылық саналады және бұрын да конфессияаралық зорлық-зомбылықтың нысанасына айналған. Мұндай шабуылдарды бұған дейін шиіттерді «діннен безген» деп санайтын «Техрик-е-Талибан Пәкістан» радикалды тобы жасаған жағдайлар болған.

Айта кетейік, ел астанасында жарылыстар сирек тіркеледі. Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф терактіні қатаң айыптады.

Өткен жылдың қараша айында да Исламабадта болған жарылыс салдарынан 12 адам қаза тапқан еді. Қалалық сот ғимараты маңындағы сол оқиға жанкешті жасаған теракт ретінде тергелген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу