freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Парашют ашылмай, 18 жастағы курсант қаза тапқан: Ақтөбеде үкім шықты

Құқық
Парашют ашылмай, 18 жастағы курсант қаза тапқан: Ақтөбеде үкім шықты
istockphoto.com

Ақтөбеде оқу-жаттығу парашютпен секіру кезінде 18 жастағы курсанттың қаза болуына қатысты іс бойынша үкім шықты. Сот процесі ашық әрі көрсетілім форматында өтті. Залда Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институты әскери қызметшілері де болды,  деп хабарлайды Malim.kz КТК телеарнасына сілтеп. 

Қайғылы оқиға өткен жылдың 15 шілдесінде Ақтөбедегі «Айбын» әуеайлағында болған. Сот дерегінше, майор Нұржан А. тексеру желісінде курсантты қолмен ашылатын парашютпен секіруге жіберген. Ал ереже бойынша мәжбүрлі түрде ашылатын парашют қолданылуы тиіс болған. Арада бірнеше минут өткенде шамамен 800 метр биіктікте парашют істемей қалған. 2006 жылы туған курсант қаза тапты.

Сот майор А. мен кіші сержант Заманбек Т.-ны қызметке салғырт қарау бабымен кінәлі деп таныды. Оларға тиісінше төрт жарым және бес жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі қаза болған курсанттың отбасына өтемақы төлеуге міндеттелді.

«Жәбірленуші Сарбаевтың мемлекеттік мекеме – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылсын – 20 млн теңге көлемінде», – деді Ақтөбе гарнизоны әскери сотының судьясы Айдана Мәмбетқазиева.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу