freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Пашинян Астанадағы ЕАЭО саммитіне бармайтынын мәлімдеді

Саясат
Пашинян Астанадағы ЕАЭО саммитіне бармайтынын мәлімдеді
Фото: x.com/NikolPashinyan

Армения премьер-министрі Никол Пашинян 28-29 мамырда Астанада өтетін ЕАЭО саммитіне сайлауалды науқанына байланысты бармайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

«Армения атынан вице-премьер Мгер Григорян қатысады», – деді ол журналистерге.

Премьер-министрдің айтуынша, бұл жөнінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хабар берген.

Сондай-ақ ол бұл туралы 1 сәуірде Мәскеуге жасаған сапары кезінде Ресей Президенті Владимир Путинге де айтқан.

Пашинян Арменияның ЕАЭО-дан шығуы мүмкін деген мәселеге де тоқталды. Оның сөзінше, егер Армения одақтан шығатын болса, бұл аяқ астынан емес, алдын ала жоспарланған түрде жүзеге асады және бұл мәселе бойынша референдум өткізудің қажеті болмайды.

«Егер біз ЕАЭО-дан шығатын болсақ, оны аяқ астынан емес, жоспарлы түрде жүзеге асырамыз. Байқасаңыздар, біз қандай да бір шешімді кенеттен қабылдағалы отырған жоқпыз», – деді Пашинян.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Армения үшін ЕАЭО мен Еуроодақ арасында таңдау жасау мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ.

«Армения мемлекетаралық қатынастарда мемлекетаралық логиканы басшылыққа алады. Біз Еуразиялық экономикалық одақтың толыққанды мүшесіміз және басқа елдер секілді барлық шешімдерді қабылдау процесіне толық қатысамыз», – деді Армения премьер-министрі.

Сондай-ақ ол мұндай мәселелерге қатысты референдум тек объективті қажеттілік туындаған жағдайда ғана өткізілетінін айтты.

«Менің бағалауымша, қазір ондай объективті қажеттілік жоқ. Біз ЕАЭО-дағы серіктестерімізге және одаққа мүшелігімізге үлкен құрметпен қараймыз. Біз теңгерімді сыртқы саясат жүргіземіз. Оның негізгі қағидаттарының бірі – өзара құрмет пен мүдделерді мойындауға негізделген қарым-қатынас», – деді Пашинян.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу