Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Перизат Қайрат 2 айға қамауға алынды

Құқық
Перизат Қайрат 2 айға қамауға алынды

Еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайрат екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Күдіктіні қамауға алуға Астананың тергеу соты шешім шығарған.

2024 жылғы 15 қарашада сотқа тергеу органдарынан күдікті Қайрат Перизатқа қатысты екі айға дейінгі мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтініш келіп түсті, деп жазылған ресми хабарламада.

Бүгін, 16 қарашада қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтініш қанағаттандырылған.

Айта кетейік, бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі оған қатысты тағы бір деректің анықталғанын, 2023 жылдың қараша айында Перизат Қайрат Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинап, қымбат мүліктер алғанын мәлімдеген еді. 

Оның алдында 1,5 млрд теңгені жымқыру дерегі бойынша күдікке алынып, тергеліп жатқаны мәлім болған. 

 

Фото: instagram/01pk

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу