Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Песков: Путин Украина мәселесі бойынша Макронмен келіссөздерге дайын

Әлем
Песков: Путин Украина мәселесі бойынша Макронмен келіссөздерге дайын
Getty Images/ TASS

Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғыс мәселесі бойынша Франция президенті Эмманюэль Макронмен келіссөздер жүргізуге дайын, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Песковтың айтуынша, Макрон Путинмен сөйлесуге дайын екенін білдірген, ал Ресей президенті де бұған дейін тікелей желі барысында француз көшбасшысымен диалогқа ашық екенін айтқан. Оның сөзінше, егер екі тарапта да саяси ерік болса, мұндай байланыстарды оң бағалауға болады.

Кремль өкілі ықтимал кездесулердің басты мақсаты бір-бірінің ұстанымын түсінуге бағытталуы тиіс екенін атап өтті.

«Бұл нота оқитын әңгіме емес, позицияларды өзара түсіну әрекеті болуы қажет. Путин әрдайым өз көзқарасын егжей-тегжейлі, ашық әрі дәйекті түрде түсіндіруге дайын», – деді Песков.


 

Айта кетейік, шілде айында Макрон мен Путин үш жылдық үзілістен кейін алғаш рет телефон арқылы сөйлескен. Тараптар Украинадағы соғысты, Тегеран мен Тель-Авив арасындағы шиеленісті, сондай-ақ АҚШ-тың Ирандағы ядролық нысандарға жасаған соққыларын талқылаған. Сонымен қатар Таяу Шығыс мәселелері бойынша байланыста болуға уағдаласқан

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу