Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Петропавлда ұрланған көлік Көкшетауда табылды

Құқық
Петропавлда ұрланған көлік Көкшетауда табылды

Оқиға 13 қыркүйекте сағат 9.00 шамасында облыс орталығында болған. Көкшетау қаласы ЖПҚБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Көкшетау-Рузаевка» автожолының 8-ші шақырымында тіркемесі бар «Volkswagen Passat» маркалы автокөлікті байқап, құжаттарды тексеру үшін машинаны тоқтатқан, деп хабарлайды Malim.kz.

Тексеру кезінде полицейлер тіркемеде тиісті құжаттары жоқ 3 қой ұшасын анықтаған.

Тәртіп сақшылары жүргізушінің қалай қобалжығанын байқап, көлікті толық тексеруге шешім қабылдады. Тексеру бекер болған жоқ. Көлік биыл 8 қыркүйектен бері Петропавл қаласындағы айдап әкетілгендер тізімінде тіркелген екен, деп жазды облыстық полиция департаменті.

Алайда, жүргізуші өзінің нұсқасын айтып, машинаны жақында ғана сатып алғанын, бұл қылмыс туралы білмегенін жеткізген. Нәтижесінде автокөлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қамалған. Жасалған қылмыстың аумағы бойынша беру үшін іс дайындалып жатыр.

Фото: Ақмола облысы ПД

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу