Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Полиция кәсіпкер Бақыт Ибрагимнің қайтыс болғанын растады

Сұқбат
Полиция кәсіпкер Бақыт Ибрагимнің қайтыс болғанын растады

Желіде экс-премьер-министр және Алматының экс-әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласы, кәсіпкер Бақыт Ибрагим өлі табылды деген ақпарат тарады. Онда Бақыт Ибрагим өзіне қол салғаны жазылған.

Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек мұны Massaget.kz тілшісіне растап, түсінік берген.

«Осы факті бойынша «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Мән-жайы анықталып жаты», - деді Әзірбек.

Еске салайық, 2020 жылы Бақыт Ибрагим Жомарт Ертаевпен бірге RBK Bank-те «қаржы жымқырды» деп сотталып, былтыр күзде босап шыққан еді.

Кәсіпкердің жеке өміріне қатысты мәлімет жоқтың қасы. Кей мәліметтерде оның бұрынғы әйелі Меруерт Әбдір екені айтылады. Меруерт Әбдір – Бақытжан Сағынтаевтың үлкен қызы. Бақыт Ибрагим 1985 жылы 28 мамырда туған. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу