Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Абаев: Билікті сынауға болады

Саясат
Абаев: Билікті сынауға болады

Президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Дәурен Абаев "Открытый диалог" жобасына қайта оралды. Тележүргізуші Александр Трухачев әлеуметтік желіде жариялаған бағдарлама үзіндісінде Дәурен Абаев таяуда Ресей журналисі Юрий Дудьке сұхбат берген "Ирина Кайратовна" тобы туралы пікір білдірді.

Дәурен Абаев "Ирина Кайратовна" тобының Дудьке берген сұхбатын түгел көрмесе де, үзіп-жұлып көргенін айта келе, бұл топты патриоттар деуге болады дейді.

Жүргізуші Александр Трухачевтің "Олар билікті қатты сынады. Ол туралы не дейсіз?" деген сұрағына Дәурен Абаев: "Бұл олардың құқығы", - деп жауап берді.

"Олар елдегі билікті сынаған бірінші адамдар емес. Бұл өркениетті әлем үшін қалыпты нәрсе. Олардың кей пікірімен келіспеймін, кей пікірімен ішінара келісемін. Жалпы алғанда, көптеген нәрсені дұрыс айтты. Бұл жерде ең бастысы, олар ел тағдырына бейжай қарамайды", - деді ол.

 Соңғы жылдары шығармашылық ортадан шығып жатқан жастар қазақ тілінің дамуына үлес қосып жатқанын айтқан Абаев олар шығармашылықтан бөлек азаматтық ұстанымын да білдіріп жүргенін жеткізді. Абаевтың айтуынша, билікті қатты сынайтын мәлімдемелер қалыпты нәрсе.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу