«AMANAT»: «Сайлау – елді бөлетін емес, біріктіретін науқан»

Абай атындағы кітапхана ғимаратында барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттарды сайлау жұмысы бойынша «AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының жиыны өтті.

  • 21.02.2023

Отырыста 19 наурыз күні сайлауға түсетін барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына кандидаттар және VII шақырылған депутаттар, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы және «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының басшысы, партия филиалының жауапты қызметкерлері бас қосты. Сайлау жұмысы бойынша жиынды «AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының төрағасы Қуаныш Сүлейменов ашты. Өздеріңіз білетіндей, мемлекет басшысымен биылғы 19 наурызға Қазақстан Республикасы Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын мерзімінен бұрын сайлау тағайындалды. Елдегі конституциялық реформалардың заңды жалғасы және тың демократиялық дәстүрлерді қалыптастыруға бастама болады деп көпшілікпен күтіліп отырған сайлау жаңа тәртіпте өтетін болады. Осыған орай, бүгінде еліміздегі барлық тіркелген саяси партиялар ғана емес, жекелеген азаматтар да Мәжіліс пен мәслихаттарға үміткер ретінде өзін-өзі ұсынды. Өз кезегінде алдағы сайлау Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, «елді бөлетін емес, біріктіретін науқан болуы керек, - дейді Қуаныш Серқазыұлы.  Күн тәртібінде бірқатар мәселелер талқыланды. Отырыс жұмысында партияның жаңа мүшелерін қабылдау және сайлау алдындағы даярлау бойынша жүргізілген жұмыстардың қорытындылары бойынша аудандардың атқару хатшыларының есебі тыңдалды. Сайлау жұмысы бойынша отырыста облыстық филиалдың атқарушы хатшысы Думанғазы Арғынғазин кандидаттың сайлауалды бағдарламасы, құрылымы және бір мандатты округтер бойынша «AMANAT» партиясынан кандидаттардың шағын штабтарының функционалы туралы атап өтті. Мемлекет басшысы мемлекет тұғырын нығайту мен ел бірлігін сақтау мәселесінің бәрінен биік қойылып, елімізге халықтың мүддесін тиімді қорғай білетін және жауапкершілігі жоғары партиялар қажеттігін атап көрсетті. Бұл тұрғыда толық трансформациядан өткен «AMANAT» партиясы – Президенттің сайлау өткізу туралы шешімін толық қолдай отырып, елдегі байыпты бастамалардың, оң өзгерістердің басты қозғаушы күші ретінде алдағы сайлауға қатысатын болады, - дейді Думанғазы Семейғазыұлы. Бірмандатты үгіт-насихат жұмыстары туралы «AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалы партиялық бақылау комиссиясы инспекторы Майра Құржықаева, белсенділердің жұмысын ұйымдастыру бойынша «AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалы жанындағы «Жастар рухы» Жастар Қанатының төрағасы Темірлан Бақтияров тоқталды.

Абай облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізім ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

 

 

 

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады