Ақтауда жұмысшылар жолды бөгеп, митингке шыққан

Коммуналдық қызметкерлер жалақыларын көтеруді талап етіп, жолды жауып тастады

Malim Админ

  • 08.04.2022

Ақтаудағы «West Recycling Company» ЖШС (WRC) коммуналдық компанияның жұмысшылары жалақыны көтеруді талап етіп, жолды жауып тастаған. Олардың ереуілдеген видеосы әлеуметтік желілерде таралды.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, Ынтымақ алаңының маңында жиналған жүзге жуық жұмысшы көліктер өтетін жол 15 минуттай бөгеп, митингке шыққан.

Маңғыстау облысының әкімдігінің хабарлауынша, наразылыққа шыққандар West Recycling Company компаниясының жұмысшылары. Олар Ақтауды санитарлық жағынан тазалаумен айналысады. Аталған серіктестік Ақтау қаласын санитарлық тазалаумен айналысады.

«Бүгінде жалақымыз 80-90 мың теңге, бұл ешеңеге жетпейді», – дейді жұмысшылар.

– Қызметкерлер жалақыны көтеру туралы талап қойды. Олар жолды жауып тастауға тырысты. Осыдан соң олардың алдына облыс әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаров барып, заңсыз акцияға шыққандарын айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осыдан кейін тұрғындарды келіссөздерге шақырды. Қазіргі уақытта жол ашылған. Наразылыққа шыққандар облыс әкімінің орынбасарымен бірге жиналысқа қатысуда, – деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Көлік апатының алдын алу және мәселені шешу үшін облыс әкімдігінен адамдар шақырылған. Соңғы жарияланған видеоларға қарағанда, қала жолдарындағы қозғалыс қалпына келген. 

Байланысты жаналықтар

Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

11.05.2025

Ақтау көшелерінде аш жүрген жыртқыш байқалды 

06.05.2025

Ақтауда су арнасынан өлі шаяндар табылды

04.05.2025

Ақтауда киімін далаға ілген әйел айыппұл арқалады

29.04.2025

Ақтауда тұрғындар жақында салынған спорт алаңының сапасына шағымданды

25.04.2025

Ақтаудағы Caspi Bitum зауытында битумның бірінші партиясы алынды

25.04.2025
MalimBlocks
Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

Олар президенттікке үміткер Кароль Навроцкийдің есімін айтып ұрандатты

Ақтау көшелерінде аш жүрген жыртқыш байқалды 

Ақтауда су арнасынан өлі шаяндар табылды

Ақтауда киімін далаға ілген әйел айыппұл арқалады

Ақтауда тұрғындар жақында салынған спорт алаңының сапасына шағымданды

Ақтаудағы Caspi Bitum зауытында битумның бірінші партиясы алынды