Ақтөбе әкімдігі спорт залға айналып барады

Жанар Қожанова

  • 06.10.2020

Ақтөбе қаласының әкімдігі спорт залға айналып бара жатқан жоқ па? Қазір батыстағы ел осылай әзілдейтін болған.

Ақтөбенің самбодан үш дүркін чемпион әкімі Асхат ШАХАРОВ қасына кәсіби боксшыны орынбасар етіп тағайындады. Ол – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, боксшы Азамат БЕКЕТОВ.

[caption id="attachment_7982" align="alignleft" width="1140"] Боксшылар: Г. Головкин, Азамат бекетов және Серік Сәпиев[/caption]

Спортшы әкімнің  жанына әріптестерін жинағаны ақтөбеліктерге ұнай қоймады. Олар әлеуметтік желілерде “жақында Ақтөбенің әкімдігі спорт зал” болып кетпесін деп жазды.

Шахаровтың 37 жастағы боксшы орынбасары  Қазақ гуманитарлық заң университетін заңгер мамандығы, Экономика және құқық академиясын қаржы мамандығы бойынша аяқтаған.

Астана мен Алматы қаласы, Батыс Қазақстан облысы, Алматы облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде (қаржы полициясы) қызмет етті. Батыс Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі болып жұмыс атқарды- деп жазылған Ақтөбе қаласы әкімдігінің сайтында.

[caption id="attachment_7983" align="alignleft" width="450"] Балуан Асхат Шахаров[/caption]

Енді кәсіби боксшы, халықаралық спорт шебері Азамат Бекетов Ақтөбенің әлеуметтік садасына жауап беретін болады. Бұл Асхат Шахаровтың қала басқарған жеті ай ішінде тағайындаған екінші орынбасары.

Байланысты жаналықтар

«Қытайлар айлығымызды көтермесе ереуіл тоқтамайды»

29.01.2021

Мұнайшылар аштық жариялады

26.01.2021

Алтын мен мысы көп ауылда мектеп жоқ

14.01.2021

Ақтөбеде 100 адам 120 мың шошқаға қарсы шықты

13.01.2021

Шалқарда жүзге жуық жұмысшы митингіге шықты

12.01.2021

Ақтөбелік 250 жұмысшы наразылыққа шықты

03.12.2020
MalimBlocks
«Қытайлар айлығымызды көтермесе ереуіл тоқтамайды»

Мұнайшылар аштық жариялады

Алтын мен мысы көп ауылда мектеп жоқ

Ақтөбеде 100 адам 120 мың шошқаға қарсы шықты

Шалқарда жүзге жуық жұмысшы митингіге шықты

Ақтөбелік 250 жұмысшы наразылыққа шықты