Астаналық жастар әскерге аттанды

Malim Админ

  • 08.04.2023

Көктемгі әскерге шақырылған сарбаздар Қарулы Күштер қатарына қабылданды.  Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда «Айбынды жастар – Қазақстанның тірегі» әскери-патриоттық акциясы салтанатты түрде өтті.  

Әскерге шақырылушылар алдында Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов, Астана әкімінің орынбасары Есет Байкен, «Қарулы Күштердің ардагерлері» РҚБ басшылығы, «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының генералдары мен офицерлері, әскери колледж ұландары және гарнизон әскери бөлімдерінің мерзімді әскери қызметінің әскери қызметшілері сөз сөйледі.

«Отан алдында азаматтық борыш өтеу – үлкен мәртебе. Бүгінгі таңда елордада жасөспірімдер арасында әскери-патриоттық тәрбие бойынша жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Қорғаныс істері департаментімен бірлесіп шақыру науқаны және салалық бағыттағы басқа да іс-шаралар өткізіледі. Биыл Астанадан Қарулы Күштер қатарына 100-ден астам жас жауынгер аттанды. Жақында әскери жиындарды өткізу үшін жаңа кешенді ғимарат пайдалануға берілді. Сондай-ақ, шайқастарға қатысқан ардагерлер ұйымдары, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтары іс-шараларды қоғамдық негізде ұйымдастырады. Қала мектептерінде әскери дайындықтың бірінші курсы оқытылады. Бүгінгі іс-шараны біз дәстүрге айналдырамыз. Өйткені, әрбір жасөспірім Отанды қорғаудың қасиетті парыз екенін білуі керек», – деді Астана әкімінің орынбасары Есет Байкен.

«Бүгінгі әскери-патриоттық іс-шарада біз колледждер мен университеттердің студенттеріне көптеген техника, қару-жарақ, киім үлгісін ұсынғымыз келеді. Біз оларды армия өмірімен таныстырамыз және армиядағы қызмет туралы мәліметтер береміз. Бұдан басқа, Бүгін Астанадан әскерге шақырылушылардың кезекті командасы белгіленді. Елордалық балалар десанттық-шабуыл бөлімдерінде қызмет ететін болады. Оларға жақсы қызмет, ал жас ұрпаққа алдағы қызметке дайын болуын тілейміз!» – деді елорданың қорғаныс істері департаментінің өкілі Ғани Артықов.
Ол сондай-ақ іс-шара үш кезеңнен тұратынын айтты. Бұл әскери техникамен және қару-жарақпен танысу, болашақ сарбаздарға берілетін тапсырмалар, сондай-ақ әскери концерт.

Іс-шараға елордалық мектептердің оқушылары, колледждер мен әскери кафедралардың студенттері қатысты.
КАЗГЮУ әскери кафедрасының студенті Дархан Көшімұрат Отан алдындағы әскери борышын орындау қасиетті іс деп санайтынын айтып өтті.
«Біздің университетте әскери кафедра бар, онда төрт мамандық оқытылады: тәрбие жұмысын ұйымдастыру, аумақтық қорғанысты ұйымдастыру, әскери заңгер және психолог. Мен әскери психолог ретінде оқимын және кафедраны бітіргеннен кейін «запастағы лейтенант» мамандығын аламын. Бүгінгі іс-шара болашақ Отан қорғаушылар үшін өте маңызды. Ол жастардың бойында патриоттық рухты тәрбиелейді және әскери қызметтің имиджін айтарлықтай арттырады. Сондай-ақ бізге болашақта әскери салада қалай дами алатынымыз айтылады», – деді студент.
Сондай-ақ, филармония ғимаратының алдындағы алаңда әскери техника мен қару-жарақ көрмесі ұйымдастырылды, онда «Кобра», «Арлан» бронетранспортерлері, минадан тазарту машинасы, БТР-80, квадрациклдер, минометтер, сондай-ақ атыс қаруының үлгілері ұсынылды.
Естеріңізге сала кетейік, 1 наурыздан бастап елімізде мерзімді әскери қызметке шақыру басталды. Әскер қатарына қосылу үшін әскерге шақырылғандардың денсаулығы жақсы және психологиялық тұрғыдан мығым болуы керек. Дәл осы қасиет әскерде өзін шынықтыруға мүмкіндік береді.

Байланысты жаналықтар

Әскери қызметке енді запастағы офицерлер шақырылады

25.11.2024

Бүгін елімізде Әскери кадр қызметкерлері күні!

23.11.2024

Әке болайын деп жүрген жігіттер әскерден босатылады

14.11.2024

Қарулы күштер жаңа әскери формаға көшті

12.11.2024

Әскерде мүгедек болып қалған Ербаянға Түркияда ота жасалды

12.11.2024

Израиль Ирандағы нысандарға шабуылын аяқтағанын мәлімдеді

26.10.2024
MalimBlocks
Әскери қызметке енді запастағы офицерлер шақырылады

Барлығы 915 запастағы офицер әскерилер сапына қосылады

Бүгін елімізде Әскери кадр қызметкерлері күні!

Олар әскери лауазымдарды толықтырып, аттестаттаумен айналысады

Әке болайын деп жүрген жігіттер әскерден босатылады

Қарулы күштер жаңа әскери формаға көшті

Әскерде мүгедек болып қалған Ербаянға Түркияда ота жасалды

Израиль Ирандағы нысандарға шабуылын аяқтағанын мәлімдеді

Оны Иран шабуылдарына жауап ретінде мәлімдеген