Атырау соты мен полициясының лабиринті: Шәпкенов қандай жол табады?

Атырау облысында полиция қызметкері судьяға апарып беруге тиіс ақшаны бермей қойған, сосын ұсталған... Бұл мәселе бойынша бірнеше сұрақ туындайды.

Алмас НҮСІП

  • 29.04.2022

 

Атырау облысының полиция департаменті көші-қон қызметінің бастығы ұсталды. Ол анау-мынау емес, шет ел азаматын бопсалапты. Бұл туралы «Ақ Жайық» басылымы хабарлады.

«28 сәуір күні жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Атырау облыстық полиция департаменті көші-қон қызметінің бастығы Руслан Әділовты ұстады», - делінген басылым таратқан ақпаратта.

Бір қызығы, көші-қон қызметінің басшысы шет ел азаматы мен судья арасында делдал болуға тиіс болған сияқты. Және бұл іске Әділовтың бауыры да қатысқан. Екеуі бірігіп, Молдова азаматын Қазақстаннан шығарып жібереміз деп қорқытқан және пара беруге итермелеген.

Атырау қалалық сотының судьясына берілуге тиіс ақша адресатқа жетпей қалыпты. Жолы ұзақ бұл ақшаның ізі де әбден шиырланыпты. Өйткені:

«6 мың $ көлеміндегі параны полковник Әділовке рекрутингтік агенттіктің директоры берген, бірақ, ағайындылар ақшаны судьяға бермей, өздерінде қалдырған», - деп жазады басылым.

Бұл жерде бірнеше сұрақ туындайды және бірнеше адамның атын нақтылауға тура келеді. Ең алдымен, Әділовтің бауыры кім? «Судьяға бере салыңдар» деп, Әділов пен бауырына ақша ұстатқан делдал – рекрутингтік агенттік директоры кім? Және бұл ақшаны алуға тиіс болған қалалық сот судьясы кім?

Сосын, Молдова азаматын елден не үшін шығармақ болған? Әдетте, елден визасының уақыты біткендер немесе заң бұзғандар шығарылатын. Молдова – азаматтары Қазақстанға визасыз кіріп, 90 күнге дейін жүре алатын мемлекет. Демек, 90 күн уақыты бітсе, оны заңды түрде депортациялау керек. Немесе, шетелдік азамат 90 күн бітуге таяғанда ұзақ уақытқа виза ашуға тиіс. Бұл көп жағдайда Қазақстанда жұмыс істейтін, бизнесі бар шетелдіктерге қатысты. 6 мың АҚШ долларын судьяға беріп жібергеніне қарағанда, бұл молдован пара бергенге дейін сотты болған сияқты. Нәтижесінде, пара беру арқылы, Атырау қалалық сотының аузын алмақ болған. Бұл жердегі бүкіл «схема» полиция департаменті көші-қон қызметінің бастығы арқылы жүрген. Бұл жерде бір емес, бірнеше орган сыбайластықпен жұмыс істеген бе деген сұрақ туатыны заңды.

Біз осы мәселелерді білу үшін Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметіне, Атырау қалалық сотына, Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне, Жемқорлыққа қарсы департаментке хабарластық.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі бұл құзырлы органдарға тиесілі ақпарат екенін, әзірге нақты ештеңе айта алмайтындарын айтты. Облыстық полиция департаменті де жемқорлыққа қарсы департаментке сілтеп, өздері де нақты ақпарат күтіп отырғанын жеткізді. Ал, облыстық, қалалық соттың баспасөз қызметі телефон тұтқасын көтермеді.

Атырау облыстық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бұл ақпаратты облыстық прокуратура нақтыламай, ешқандай ақпарат бере алмаймыз деді. Өздері де облыстық прокуратурадан жауап күтіп отырғанын, сұрақтарымызды жазып жіберуді сұрады. Азаматтардың конституциялық құқығына қол сұқпау үшін біз жолдаған сұрақтарға жауаптың өте қысқа болатынын да ескертті.

Енді, қаншама өткелектен өтіп, бізге жауап келіп болғанша, аз уақыт кете қоймайтыны анық, оның үстіне тергеу ісі аяқталмайынша көптеген жайттар ашық айтылмайды. Қалай болғанда да, біз хабарласқан орындардың ешқайсысы жоққа шығарған жоқ, бұл Атырау облысында жемқорлық, жай ғана жемқорлық емес, сыбайлас жемқорлықтың бар екенін көрсетеді.

Облыс әкімі Серік Шәпкеновтің келгені кеше ғана, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жүрген кезінде АӘК алу үшін әлеуметтік жағдайын төмен деп көрсетіп, заң бұзғандармен көп алысқан, ақыры, соларды анықтау үшін арнайы жоба – цифрлық картаны ойлап тапқан (отбасының цифрлық картасы – өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасыларды автоматты режимде анықтауға, оларға қажетті кешенді қолдау шараларын проактивті түрде көрсетуге, сондай-ақ қолжетімді индикаторлар арқылы отбасының әлеуметтік жағдайының нашарлауын болжауға мүмкіндік береді) адамға өзі басқарып отырған облыстағы мына лабиринтті шешу қиындық тудырмас деп сенеміз. Мүмкін, өзі басқарып отырған облыстағы құзырлы орган қызметкерлері мен судьялардың әлеуметтік жағдайын тексеріп, оларға да бір-бір цифрлық карта беріп қояр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шәпкеновті осы өңірге әкім қылып жіберген соң, көп ұзамай Конституцияға өзгеріс енгізу керек екенін айтқан, содан кейін-ақ, сарапшы атаулы осының нәтижесінде тәуелсіз, әділ сот дамиды деп ұрандатып әкеткен. Оның үстіне, президенттің бұрын "антикорды" басқарған, қазіргі ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдап, Қазақстан полициясын реформалауды ары қарай жалғастыру туралы «бірқатар нақты тапсырмалар бергені» де кеше ғана. Осындай бір мамыражай уақытта Атырау қалалық сотының судьясы мен облыстық полиция департаментінің полковнигі ауыз жаласып жатқаны енді ғана көктемнің шуағын сезіне бастаған Ақорданың көңіл-күйіне әсер етпей тұрмасы анық.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев KIA корпорациясының президентін қабылдады

23.04.2024

Бектенов барлық үйлерді мерзімінде тапсыру үшін қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды

23.04.2024

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға келеді

23.04.2024

Тоқаев Өзбекстан Президенті мен халқына су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

23.04.2024

Тасқыннан зардап шеккендерге қосымша 553 мың теңге беріледі – Бектенов

23.04.2024

Ақбөкендерді атуға енді рұқсат етілмейді

22.04.2024
MalimBlocks
Тоқаев KIA корпорациясының президентін қабылдады

Хо-сунг Сонг Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қостанайдағы автомобиль шығаратын толық циклді зауыт құрылысының барысы туралы мәлімет берді.

Бектенов барлық үйлерді мерзімінде тапсыру үшін қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды

Бүгінде елімізде 39 барынша проблемалық нысан бар.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға келеді

Ресми сапар 24-25 сәуірге жоспарланған.

Тоқаев Өзбекстан Президенті мен халқына су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Тасқыннан зардап шеккендерге қосымша 553 мың теңге беріледі – Бектенов

Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындық, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады.

Ақбөкендерді атуға енді рұқсат етілмейді

Болжам бойынша, былтырғы төлді ескере отырып, ақбөкендердің саны шамамен 2,5-2,6 млн бас болды.