Азат Перуашев орынбасарының ұсталуына қатысты пікір білдірді

Бұған дейін партия төрағасының орынбасары Дмитрий Васильев пен генерал-майор Константин Воронкиннің ұсталғаны туралы ақпарат тарады

Мадина Қайнарова

  • 11.09.2024

«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев өзінің орынбасары Дмитрий Васильевке қатысты пікір білдірді.

Естеріңізге сала кетсек, әлеуметтік желіде партия төрағасының орынбасары, кәсіпкер Дмитрий Васильев пен генерал-майор Константин Воронкиннің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Жұртшылық Дмитрий Васильев Ұлттық гвардияның генералына пара берген деген бейресми ақпаратты талқылап жатыр.

Азат Перуашев тілшілердің осы жағдайға қатысты қойған сұрағына жауап беріп, орынбасарының ұсталғанын растады. Айтуынша, БАҚ-та жарияланған ақпараттан кейін партия Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ресми сұрау салған.

- 10 қыркүйекте Васильевтің ұсталғаны туралы ресми жауап алдық. Бізге оның адвокаттарының байланыс деректерін берді, бірақ біз әлі олармен байланысқа шыға алмай отырмыз. Жағдайдың анық-қанығына тек сол адвокаттармен сөйлескеннен кейін ғана жете аламыз. Ал әзірге Васильевтің қандай бап бойынша ұсталғаны нақты белгісіз, - деді Перуашев.

Партия төрағасы ресми хат-хабарлардан әлдебір ақпарат тарап кетіп, соған байланысты Ұлттық гвардияның лауазымды тұлғасына «пара алды» деген айып тағылып отыруы мүмкін деген болжам айтты.

- Бұл жерде әңгіме нақты не туралы екенін түсініп алу керек. Қылмыстық кодекстің 367-бабына сәйкес, пара беруге мәжбүр болған тұлға қылмыскер болып саналмайды. Сондықтан пара беруді немесе алуды кім бастағанын түсіну керек, Васильев пе, әлде ол бопсалаудың құрбаны болды ма, - деп ойымен бөлісті Перуашев.

Айта кетсек, соңғы кезде «Ақ жол» партиясына қатысты түрлі оқиғалар болып жатыр. Жақында ғана партия төрағасы Азат Перуашев депутаттық мандатынан айырылған Асқар Садықовты Парламентте істейтін әйелге жыныстық бопса жасаған деп айыптаған болатын. Енді өзінің орынбасары ұсталды. Асқар Садықов та үнсіз қалмай, «Азат Перуашев өзінің орынбасарының Ұлттық гвардияның генералына пара бергені туралы ақпаратты жасырып қалғысы келіп, ақпарат ауанын маған бұруға тырысқан сияқты» деген ойын айтты.

Фото: «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі

Байланысты жаналықтар

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

27.03.2025

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстанда криптобанк құруды ұсынды

26.03.2025

Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі тағы аукционға қойылды

12.03.2025

«Қазақмыстың» сирек металдарды сыртқа шығарып жатқаны рас па?

05.03.2025

Шымкентте есірткі жасаумен айналысқандар ұсталды

14.02.2025

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына бірқатар тапсырма берді

20.01.2025
MalimBlocks
Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қарудың заңсыз айналымына қарсы тұру шаралары туралы жариялады

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстанда криптобанк құруды ұсынды

Оның пікірінше, бұл қаржы институты цифрлық активтердің айналымын заңдастыруға және реттеуге ықпал етеді

Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі тағы аукционға қойылды

Оның бастапқы бағасы - 1,8 млрд теңге.

«Қазақмыстың» сирек металдарды сыртқа шығарып жатқаны рас па?

Сирек металдарды тұтынудың көлемі әлем бойынша жыл сайын өсіп отыр

Шымкентте есірткі жасаумен айналысқандар ұсталды

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына бірқатар тапсырма берді