Әзербайжанда Ахмет Байтұрсынұлына көше атауы берілді

Өзара іс-қимылды тереңдету туралы Декларацияға қол қойылады

Malim Админ

  • 24.08.2022

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін ресми сапармен Әзербайжанға барды. Бакуде Мемлекет басшысы Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен екіжақты кездесу өткізуде. Президент Тоқаевтың Әзербайжанға ресми сапарының бағдарламасы мемлекет  басшыларының кеңейтілген құрамдағы келіссөзіне ұласты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігінің басты мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, саяси, сауда-экономикалық, көлік-транзиттік және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға жіті назар аударды.

«Мен шағын құрамдағы кездесуге өте ризамын, онда біз мемлекеттеріміздің өзара іс-әрекетінің барлық мәселелері мен әртүрлі салалары туралы жан-жақты пікір алмастық. Қазақстан мен Әзербайжан – жақын мемлекеттер, біз стратегиялық серіктеспіз және одақтаспыз. Бүгін елдеріміз арасындағы стратегиялық қатынастарды нығайту және одақтастық өзара іс-қимылды тереңдету туралы Декларацияға қол қойылады», – деді Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев.

Саясаттанушы Ғазиз Дәуреннің пікірінше,  екі ел арасындағы ірі меморандумдарға 2005 жылы  қол қойылған. Бұл содан бергі ауқымды басқосу.  «Мемлекетаралық, парламентаралық деңгейде 80-ге жуық меморандум бар. Тек экономикалық жағынан ғана емес, саяси тұрғыдан да Қазақстан-Әзірбайжан қарым-қатынасы жаңа көкжиектерді ашады» дейді ол.  

 Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығару үшін арнайы миссиямен барғанын жеткізді. Қазақстан Президенті екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды жандандыру мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Соңғы жылдары қос мемлекет тауар айналымын үш есеге жуық өсірген. Сауданы арттыруға бұдан да зор мүмкіндіктер бар.   Қасым-Жомарт Тоқаев «Біздің үкіметтеріміз жақын арада елдеріміз арасындағы тауар айналымын 1 миллиард долларға дейін ұлғайту үшін жұмыс істеуі керек» – деп атап өтті. 

Саясаттанушы  Ғазиз Дәурен  екіжақты қарым-қатынастардың көлік логистика бағытын дамытатынын айрықша атап өтті. «Себебі, екі мемлекет те  осы инфрақұрылымды құру бойынша уақтылы шаралар қабылдады. Қазақстан мен Әзірбайжан дипломатиясының 30 жылдығына орай бірқатар іс шаралар өтті. Біз Әзірбайжанмен шекарамыз бойынша, яғни Каспий теңізі арқылы тығыз байланыстамыз. Қазақстан көрші елден кеме сатып алып жатыр. Бұл да қос мемлекеттің экономикасын еселей түсетін жағдай».

Елдердің экономикалық саладағы оң қарым-қатынасына Әзірбайжан президенті де ерекше екпін түсіре тоқталды.

«Сауда-экономикалық қатынасты дамытуға да тың серпін беретінімізге сенімдімін. Тауар айналымын арттырудағы резервіміз айтарлықтай көп. Өзара тауар жеткізу көлемін арттыру жоспарын нақтылай аламыз. Сондай-ақ инвестиция саласында зор мүмкіндігіміз бар. Қазақстанда да, Әзербайжанда да қолайлы инвестициялық климат қалыптасқан. Шетелдік инвестицияның көлемі үлкен. Осы бағыттағы күш-жігерімізді біріктіріп, Қазақстан мен Әзербайжандағы, сонымен қатар өзге де елдердегі бірлескен инвестициялық жобаларға қатысатын уақыт келді деп ойлаймын, - деді  И.Әлиев.

Сонымен қатар бұл ауқымды кездесу бауырлас елдердің мәдени ынтымақтастығына да серпін беріп отыр.  Әзербайжанның  Сумгаит қаласының бір көшесіне қазақтың көрнекті ғалымы Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді.   Ал Қазақстан  туыстас елге сыйлық ретінде азат етілген аумақтарда балалардың шығармашылық даму орталығын салмақ.

Келіссөздердің нәтижесінде президенттер Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық қатынастарды нығайту және одақтастық өзара іс-қимылды тереңдету туралы Декларацияға қол қойды.  Сондай-ақ тараптар 2022-2026 жылдарға арналған ынтымақтастықты дамыту жөніндегі кешенді бағдарламаны мақұлдады.  

Байланысты жаналықтар

Мұсаев: Трамп КСРО агенті

20.02.2025

Тоқаев: Еңбек қауіпсіздігі қатаң бақылауда болуы тиіс

20.02.2025

Трамп Американың Украинаға берген қаржысының есебін сұрай бастады

20.02.2025

Трамп Зеленскийді «диктатор» деп атады

20.02.2025

Америка шетелдік қылмыстық ұйымдарды қудалауды бастады

20.02.2025

Олжас Бектенов әкімдер мен министрлерге жаңа міндет қойды

20.02.2025
MalimBlocks
Мұсаев: Трамп КСРО агенті

Тоқаев: Еңбек қауіпсіздігі қатаң бақылауда болуы тиіс

Трамп Американың Украинаға берген қаржысының есебін сұрай бастады

Трамп Зеленскийді «диктатор» деп атады

Америка шетелдік қылмыстық ұйымдарды қудалауды бастады

Олжас Бектенов әкімдер мен министрлерге жаңа міндет қойды