Байбектің заңгері: Жауапкерлердің сот шешімін толық орындауына қол жеткіземін

Заңгер Айжан Ташенова Ж.Мамай мен И.Иманбаеваның  апелляциялық шағымына қатысты пікір білдірді.

  • 12.08.2021

«Жауапкерлердің соттан кейін қоғамдық кеңістікте жүзеге асырып жатқан деструктивті, жеке адамға ғана емес, бүкіл қоғам мен мемлекетке зиян келтіретін теріс пиғылды әрекеттері олардың демократия және заң үстемдігі туралы жария мәлімдемелері «бір тиынға» татымайтынын көрсетеді. Сотта жария түрде және ойсырай жеңілген Ж.Мамай мен И.Иманбаева сот шешімі олар үшін түкке тұрмайтынын және оны орындамайтынын бірден мәлімдеді», - дейді ол.

Заңгердің айтуынша, Ж.Мамай мен оның жары әлі күнге дейін негізсіз жала жабуын тоқтатар емес. Алайда, заңға сәйкес жауап беретін кез келгенде олар құқық аясындағы әрекеттерді бірден «сөз бостандығын және демократияны бұзу» деп бағалайтын көрінеді.

«Бұл – осы жұптың цинизмінің, принципсіздігінің және қос стандартты ұстанатынының айдан анық дәлелі.Шын мәнінде, бұлар үшін сөз бостандығы мен жеке бастың қадір-қасиеті – құны бақыр тиынға татымайтын бос сөздер. Заңның үстемдігі – кез-келген заманауи демократиялық мемлекеттің негізгі қағидасы. Ол барлық азаматтар тарапынан мүлтіксіз сақталуы тиіс», - деп қосты маман.

Айжан Ташенованың пікірінше, Ж.Мамай мен И.Иманбаева үшін заңдар мен сот шешімдері қарапайым формальдылық қана.

«Яғни «қаласам – орындаймын, қаламасам – орындамаймын» қағидасын ұстанатынын ашық айтқаны. Олар Қазақстан Республикасының азаматы бола тұра, үйінде, ошақ қасында отырып «өздері үшін» жазып алған конституциямен ғана өмір сүре аламыз деп ойлайды. Олардың деструктивті әрекеттеріне сүйенсек, қандай «құқықтық мемлекет» құрғысы келетінін нақты болжауға болады. Сондықтан да, заңгер және азамат ретінде, қабылданып жатқан шаралар туралы ашық хабарлай отырып жауапкерлердің сот шешімін заңда белгіленген мерзімде толық орындауына барлық заңды тәсілдер арқылы міндетті түрде қол жеткізетін боламыз», - деді заңгер.

Еске сала кетейік, аталған іс бойынша апелляциялық шағымды қарау бойынша сот алқасының отырысы 2021 жылжың 16 тамызында сағат online-форматта өтеді.

 

 

Байланысты жаналықтар

М. Әбжан 9 жылға сотталды, Ж. Мамай 10 жылға сотталады...

03.02.2023

Бұл сайлауда қандастар ғана жеңіске жетеді!

30.01.2023

Қаңтарды зерттеуге тапсырыс алғандар қанша қаржы алғандарын айтпады

20.01.2023

Тоқаевты қолдайтын Азамат Әміртайдың партиясы тіркелді

30.11.2022

Мамайдың айыбы жеңілдеді

27.10.2022

Жанболат Мамай он жылға сотталуы мүмкін

08.06.2022
MalimBlocks
М. Әбжан 9 жылға сотталды, Ж. Мамай 10 жылға сотталады...

Саяси реформаларға шақыру, әрине, қылмыс емес. Бірақ 10 жылға бас бостандығынан айыру – қылмыс

Бұл сайлауда қандастар ғана жеңіске жетеді!

Сонымен сайлауға үміткерді тіркеу басталып кетті! Ал мен күткен қандастар үнсіз («Республика» партиясының жетекшісінің бірі Сырымбет Тауды есепке алмаймын).

Қаңтарды зерттеуге тапсырыс алғандар қанша қаржы алғандарын айтпады

Шетелдік спикерлердің қатысуымен 20 қаңтарда Алматыда екі жиын өтті.

Тоқаевты қолдайтын Азамат Әміртайдың партиясы тіркелді

Қазақстанға  + 1 саяси партия. Атауы - «Байтақ». Ұраны  -- экология. Жалауы жасыл. Бұл өзі Қазақстанда оншақты жылдан бері дүниеге зорға келген партия. Көсемі Азамат Әміртай.

Мамайдың айыбы жеңілдеді

"Демпартияны" тіркей алмай жүрген Жанболат Мамай ақпан айынан бері қамауда жатыр.

Жанболат Мамай он жылға сотталуы мүмкін