"Басып кіру" немесе "арандату": Қырғыз-тәжік қақтығысына кім кінәлі?

Malim Админ

  • 04.05.2021

Қырғызстан мен Тәжікстан шекаралық ауданда болған қақтығысты «әскери басып кіру» және «арантату» деп бағалады.

Тәжікстан бас прокуратурасы сәуірдің 29-ы күні шекарада болған қақтығысқа байланысты мәлімдеме жасады. Онда ресми Душанбе Қырғызсытанды әскери қару пайдаланды деп айыптап, болған оқиғаны «арандату» деп бағалады.

«Бір мемлекттің өзге бір мемлекетке қарсы әскери күш қолдануы БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың келісімі бойынша арантаду деп бағаланады. Мемлекеттің басқа мемлекетке қарсы қарулы күш қолдану актілерін жүзеге асыратын, елеулі сипаттағы қарулы бандаларды немесе топтарды жіберуі де агрессия актісі болып саналады», - делінген тәжік бас прокуратурасы таратқан мәлімдемеде.

Бұған дейін Қырғызстан бас прокуратурасы Тәжікстанды елдің территориялық тұтастығы мен тәуелсіздігіне нұқсан келтірді деп айыптап, ресми Душанбен іс-әрекеті «әскер басып кіру» деп атаған.

«29 сәуірде сағат 4:40 Баткен облысына «Тәжікстаннің бандиттік құрылымдары мен тұрақты әскері Қырғыстан Республикасының шекарасын шабуылдады. Тұрақты орналасқан жерлерден алыс жерде шабуылдаушы ауыр қаруды қолдану бұл әскери шабуыл Қырғызстанның егеменді аумағын басып алу мақсатында алдын-ала жоспарланғанын және ұйымдастырылғанын көрсетеді...», - делінген Қырғызстан бас прокуратурасының мәлімдемесінде.

Қырғыз-тәжік шекарасындағы әскери қақтығыс салдарынан 50 адам көз жұмып, 200-ден астам адам жарақат алған. Сәуірдің 29-ы күні кешке тараптар оқ атпау жөнінде келісімге келген. Бірақ кейіннен атыс қайта жалғасқан. 30 сәуірде тараптар келісімге келіп, мамырдың 1-і күні Тәжістан әскері Қырғыстан аумағынан шығарылған.

Байланысты жаналықтар

Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

15.05.2025

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

15.05.2025

Қырғызстан мен Тәжікстанда Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтіп жатыр

08.05.2025

Алматыдан 544 шақырым қашықтықта жер сілкінді

06.05.2025

Алматы облысында жер сілкінді

01.05.2025

Қырғызстан биыл 600 млн текше метрден астам су жіберетін болды

28.04.2025
MalimBlocks
Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

Қырғызстан мен Тәжікстанда Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтіп жатыр

Бішкектегі парадқа 3 мың әскери қызметкер, ал Душанбеде 4,5 мың адам қатысып жатыр

Алматыдан 544 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматы облысында жер сілкінді

Қырғызстан биыл 600 млн текше метрден астам су жіберетін болды