Қазақстанның 14 облысында 21 қарашада дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.
Түнде және таңертең Ұлытау облысыныңшығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.
21-22 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында және орталығында тұман болады деп болжанады.
Түнде Қарағанды облысыныңбатысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі.
Астанада 21 қарашада аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ, тұман болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.
Түнде және таңертең Алматы облысыныңоңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Алматыда 21 қарашада түнде және таңертең тұман болады деп болжанады.
Түнде және күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Өскеменде 21 қарашада таңертең және күндіз көктайғақ болады деп күтіледі.
Түнде және күндіз Абай облысыныңбатысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Семейде 21 қарашада түнде көктайғақ болып, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.
Түнде Павлодар облысыныңсолтүстігінде қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр), облыстың оңтүстігінде, батысында көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Павлодарда 21 қарашада көктайғақ болады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман болады деп болжанады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, батысында және орталығында тұман түседі деп күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман болады деп болжанады.
Түнде Қостанай облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүсік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қостанайда 21 қарашада тұман болады деп болжанады.
Ақмола облысында түнде және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Көкшетауда 21 қарашада түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысыныңоңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.Петропавлда 21 қарашада түнде және таңертең тұман болады деп болжанады.