Бауыржан Байбектің кадрын антикор ұстады

Оның жеткізушіден 16 млн теңге алғаны туралы айтылған

Malim Админ

  • 23.01.2023

«Алматы жылу желілері» команиясының  бас директоры  ұсталды.  Антикор бұл ақпаратты  растады. 

«АлТС» басшысы лауазымында - Қуаныш Бейсенбинов. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оның ісіне қатысты мәліметтерді кейінірек беруге уәде етті. 

Бұрын әлеуметтік желілерде Бейсенбинов пара алды деген күдікке ілінгені туралы ақпарат тараған еді. Оның жеткізушіден 16 млн теңге алғаны туралы айтылған. Бұл ақша Алматыдағы жылу желілерін қайта жаңғырту бойынша аяқталған жұмыстардың актісіне қол қоюға және қолдауына арналғаны хабарланды.

Қуаныш Бейсенбинов «Алматы жылу желілері» ЖШС-нің басшысы болып 2018 жылдың сәуірінде қаланың экс-әкімі Бауыржан Байбектің бұйрығымен тағайындалған болатын. Оған кәсіпорынның тиімділігін арттыру, стандартты және артық жылу шығындарын азайту, сондай-ақ өндірістік процестерді цифрландыру және қызмет көрсету бойынша бірқатар міндет қойылған.

Бұған дейін 2016 жылдың қарашасынан бастап Бейсенбинов басқа «Алматы су» коммуналдық кәсіпорнын басқарды. Осыған дейін Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарса, 2009 жылы Астана қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалған. 

Байланысты жаналықтар

Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

18.05.2025

ЖЭС-тің ақшасын желге ұшырған шенеунік сотталды

14.05.2025

Қазақстанда қанша генерал бар?

07.05.2025

Ақтөбе облысында аудан әкімінің орынбасары 2,3 млн теңге көлемінде пара алған

05.05.2025

Қазақстан 1,13 трлн теңге заңсыз шығарылған актив пен қаржыны қайтарды

30.04.2025

Алаяқтар өзін Антикор төрағасы деп таныстырып, жұртты алдаған

30.04.2025
MalimBlocks
Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

ЖЭС-тің ақшасын желге ұшырған шенеунік сотталды

Ұрлық жалған келісімшарттармен және аффилирленген компанияларға ақша аудару арқылы жасалған

Қазақстанда қанша генерал бар?

Ақтөбе облысында аудан әкімінің орынбасары 2,3 млн теңге көлемінде пара алған

Қазақстан 1,13 трлн теңге заңсыз шығарылған актив пен қаржыны қайтарды

Алаяқтар өзін Антикор төрағасы деп таныстырып, жұртты алдаған