Бектенов абаттандыру туралы: Әкімдіктер шеткі аумақтарды да ұмытпауға тиіс

Премьер-Министр қала орталығын ғана абаттандырумен шектелмеуді тапсырды.

Malim Админ

  • 05.03.2024

Бүгін Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қалаларды абаттандыру және көгалдандыру шаралары қаралды.

«Әкімдіктер қала орталығын ғана абаттандырумен шектелмей, шеткі аумақтарды да назардан тыс қалдырмауға тиіс. Кейбір скверлерге немесе қоғамдық орындарға «қамқорлық жасау» үшін бизнес пен ірі кәсіпорындарды тартуға болады. Шағын бизнес те іргелес жатқан аумақты күтіп-ұстауды жақсы дәстүрге айналдыруы керек», - деді Премьер.

Премьер-Министрдің айтуынша, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары қала тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсартумен қатар, туристік саланы дамытуға да ерекше серпін береді. Бұл ретте ол азаматтардың әлі де болса тротуарлар мен жарықтың жоқтығын, жасыл желектің аздығын айтып, жиі шағымданатынына тоқталды.

«Әкімдіктер тарапынан жүйелі жұмыстың болмауы – абаттандыру мен көгалдандырудың негізгі проблемасы. Ағаштар мен өсімдіктер отырғызылады, бірақ кейін ешқандай күтім жасалмайды. Көпшілік жиналатын қоғамдық орындар мен үй маңындағы аумақтардың ұсқынсыз жағдайы үлкен проблемаға айналған. Саябақтар мен скверлер көбінесе иесіз қалғандай күй кешеді. Оларды жыл сайын жаңартып отыру, көркейту жұмыстары жүргізілмейді. Кейде тіпті саябақтарда объектілер салу фактілері де кездеседі», — деді Олжас Бектенов. 

Байланысты жаналықтар

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025

Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

16.05.2025

Бектенов ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

09.05.2025

Бектенов полипропилен өндірісінің неге тоқтағанын анықтауды тапсырды

05.05.2025

Ақтауда киімін далаға ілген әйел айыппұл арқалады

29.04.2025
MalimBlocks
Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды

Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

Бектенов ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Бектенов полипропилен өндірісінің неге тоқтағанын анықтауды тапсырды

Түпкілікті шешім қабылдаңыздар, — деді Үкімет басшысы

Ақтауда киімін далаға ілген әйел айыппұл арқалады