Бектенов Еуропалық Одақ елдері өкілдерімен су ресурстарын басқару мәселесін талқылады

Ол елімізде болған күрделі су тасқыны жағдайы аясында тұрақты су инфрақұрылымын дамыту үшін ЕО елдерімен әріптестікті кеңейтудің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті. 

Malim Админ

  • 18.04.2024

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Қазақстан–Еуроодақ» диалог платформасының 14-ші отырысы өтті, деп хабарлайды Malim.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Үкіметінің басшысы елімізде болған күрделі су тасқыны жағдайы аясында тұрақты су инфрақұрылымын дамыту үшін ЕО елдерімен әріптестікті кеңейтудің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті. 

Табиғи апаттың ауқымы мен салдары бізден ресурстарды дұрыс пайдалану және болашақта осындай жағдайлардың алдын алу үшін түбегейлі жаңа тәсілдер қабылдауды талап етеді. Бұл мәселеде бізді Еуропа елдері мен компанияларының озық тәжірибелері мен әзірлемелері ерекше қызықтырады. Қазақстан Үкіметінің күш-жігерін Еуроодақтың қолдау бағдарламаларымен үйлестіру маңызды, - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бүгінгі таңда ҚР Үкіметі Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасын қабылдады. Оны жүзеге асыру нәтижесінде суды тасымалдауда ысырап азаяды, суармалы жерлердің жағдайын бақылау жүйесі жетілдіріледі, сондай-ақ төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту үшін гидротехникалық құрылыстар жаңғыртылады.

Су мәселесі – Орталық Азиямен ынтымақтастығымыздың басымдығы. Басқа табиғи ресурстар сияқты, суды тиімді пайдалану үшін оның құны болуы керек. Бұл тиімді технологияларды енгізуге түрткі болады және көптеген еуропалық компаниялар осы бағытта жұмыс істеуге дайын, - деді Кестутис Янкаускас.

Сондай-ақ ол су бассейндері мен өзендерді тұрақты басқару саласындағы білім мен технологияның берілуін қамтамасыз етуге дайын екенін растады.

Германия-Қазақстан аграрлық-саяси диалогының жетекшісі доктор Ольга Хунгер су ресурстарын үнемдеу Германияның да, Қазақстанның да ауыл шаруашылығы саласы үшін іргелі бағыт екенін атап өтті. Осыған байланысты суару технологиясына жасанды интеллект енгізу саласындағы білім мен инновация трансфертінің, топырақтың құнарлылығы мен ылғалдылығын сақтау мақсатында өңдеудің жаңа әдістерін қолдану келешегі зор. Сонымен қатар кездесуге қатысушылар ағынды суларды тазартуға инновациялық технологияларды енгізу саласындағы Швецияның, ал Венгрияның озық агротехнологияларға, оның ішінде тұқым шаруашылығына көшу бойынша тәжірибесін талқылады. 

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің басшысы Олжас Бектенов су ресурстары мәселесі ауыл шаруашылығын дамытудың тиімділігіне тікелей әсер ететінін атап өтті. Сондықтан Қазақстанның ЕО елдерімен өзара іс-қимылы екі бағытта да қарқынды және қатар жүргізілуі керек. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке агроөнеркәсіп кешенін дамыту және су ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету міндетін қойды. Ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі экономикамыздың маңызды салаларының бірі болып табылады. Бізде жоғары сапалы және органикалық ауылшаруашылық өнімдерін, сондай-ақ азық-түлік өнімдерін өндіруге үлкен әлеует бар. Біз ЕО нарығына азық-түлік экспортын арттыруға мүдделіміз. Еуропалық компаниялардың озық агротехнологияларын ескере отырып, сіздерді ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша бірлескен жобалар жасауға шақырамыз. Біз өз тарапымыздан бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасау үшін бар күш-жігерімізді салуға дайынбыз, - деді Олжас Бектенов.

Фото: Үкімет

Байланысты жаналықтар

Үкімет Семей ядролық полигонының жерін ұлыбританиялық компанияға берді

30.03.2025

Қазақстанда жыныс ауыстыруға бола ма?

28.03.2025

Бектенов Үкімет отырысында экология министріне ескерту жасады

26.03.2025

Үкімет қытай тарапымен мақта-тоқыма кластерін құру мәселесін талқылады

24.03.2025

Олжас Бектенов екінші деңгейлі банктердің басшыларымен кездесті

19.03.2025

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

18.03.2025
MalimBlocks
Үкімет Семей ядролық полигонының жерін ұлыбританиялық компанияға берді

Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды

Қазақстанда жыныс ауыстыруға бола ма?

Үкімет басшысы мәжілісмен Магеррам Магеррамовтың депутаттық сауалына жауап берді

Бектенов Үкімет отырысында экология министріне ескерту жасады

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа елдегі қоқыс полигондарының жағдайына байланысты ескерту жасады

Үкімет қытай тарапымен мақта-тоқыма кластерін құру мәселесін талқылады

Олжас Бектенов Xinjiang Lihua басшысы Чжан Цихаймен құны 200 млрд теңгеден аса мақта-тоқыма кластерін құру мәселесін талқылады

Олжас Бектенов екінші деңгейлі банктердің басшыларымен кездесті

Кездесуде ірі инфрақұрылымдық жобаларды салу және жаңғырту бағдарламаларын жүзеге асыруға назар аударылды.

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Жиында былтырғы атқарылған жұмыстардың нәтижелері қарастырылды.