Белсенділер бас прокурордың қызметтен кетуін талап етті  

«Діни экстремистік ұйымдардың мүшелері» деп айыптағанына наразы

Malim Админ

  • 23.01.2023

Қоғам белсенділері бас прокурор Берік Асыловтың  қызметінен кетуін талап етті. Олар бүгін  Алматы қаласының прокуратурасына арнайы барып, уәжін айтты. 

Белсенділер елде заңдылықтың сақталуын қадағалайтын органның басшысы Берік Асылов мұғалім Қалас Нұрпейісов пен журналист Әйгерім Тілеужанды «діни экстремистік ұйымдардың мүшелері» деп айыптағанына наразы.  «Соты болмай, үкім шықпай тұрып екеуі жайлы мәжіліс қабырғасында, депутаттардың алдында айтқаны арқамызға аяздай батты. Бұл – прокурордың өзінің заңды өрескел бұзғаны, сол үшін оның қызметінен кетуін талап етеміз»,- деді  журналист Думан Мұхаммедкәрім.  

Айта кетейік, азаматтар  20 қаңтарда «Бас прокурор Берік Асылов қызметінен кетсін» деген онлайн петиция жариялаған. Қазір оған қол қоюшылар саны  130-дан асыпты.  Қалалық прокуратура маңына жиналғандар сол жерден де қол жинады.  

Белсенді Арайлым Назарованың айтуынша,  осы жерге жиналған 30-дан астам адам қол қойған. «Онлайн петиция сәл қиындау, электронды пошта арқылы, Facebook арқылы тіркелу керек. Сондай шарттарына байланысты онлайн қол қоюшылар саны әзірiе аса көп емес. Бірақ барлық азаматтық қоғам бұл петицияны қолдап жатыр».     

Белсенділер петицияны президент әкімшілігіне пошта арқылы және электронды өтініш түрінде жолдайтынын жеткізді. Олармен сөйлесуге прокуратура тарапынан  ешкім шыққан жоқ.

Журналист Әйгерім Тілеужан мен мұғалім Қалас Нұрпейісов Қаңтар оқиғасы байланысты «Әуежайды басып алмақ болды» деген күдікке ілінген.  Әйгерім Тілеужан да, Нұрпейісов те сол күні әуежайға барғанын мойындаған, бірақ тергеу таққан айыптарды жоққа шығарды.Қазақстан Конституциясында  «адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі»,- деп көрсетілген.        

Байланысты жаналықтар

Ескі бас прокурордың орынбасары жаңа бас прокурор болды

03.03.2022

Өзгелер 80 мың алып жүргенде, "Бұрғылау" қызметкерлері 1 миллион сұрайды

16.02.2022

Сәтбаевтағы жанжал: Айыпталушылар прокурормен келісімге келді

13.05.2021

Полиция, сот және прокурор карантинде моншаға баруға неге құмар?

16.02.2021
MalimBlocks
Ескі бас прокурордың орынбасары жаңа бас прокурор болды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен бұрынғы мемлекеттік бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовтің бірінші орынбасары Берік Асылов жаңа бас прокурор болып тағайындалды.

Өзгелер 80 мың алып жүргенде, "Бұрғылау" қызметкерлері 1 миллион сұрайды

"Qazaq" газетінің бас редакторы Жасұлан Мәуленұлы жалақыларын 1 миллионға жеткізуді талап еткен "Бұрғылау" компаниясының қызметкерлерін сынға алды. Ол елде 80-100 мыңға жұмыс істейтіндермен салыстырғанда бұл талаптың асыра сілтеу екенін жазды.

Сәтбаевтағы жанжал: Айыпталушылар прокурормен келісімге келді

Полиция, сот және прокурор карантинде моншаға баруға неге құмар?