«Босаңситын кез емес». Жаңа Үкімет қай бағытта жұмыс істейді?

Смайыловтың басшылық еткен уақытында "әттеген-айлардың" аз болмағанын депутаттар да, халық та сынап жатыр

Олжас Қасым

  • 06.02.2024

Әлихан Смайылов  Үкіметтегі орнын босатып, Жаңа Үкіметтің тізгінін Олжас Бектенов алды. Депутаттар мен  партияларға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін басқарған Бектеновтің жұмысы ұнаған сыңайлы. (Халық партиясын есепке алмағанда). Олардың ұсынысына Президент қолдау білдірді.

Артынша Тоқаев Мәжілістің жалпы отырысында жаңадан жасақталмақ Үкіметке тапсырмалар жүктеп, қазіргі уақыт босаңситын кез еместігін ескертті. Өйткені, Смайыловтың басшылық еткен уақытында "әттеген-айлардың" аз болмағанын депутаттар да, халық та сынап жатыр. 

«Ұзақмерзімді стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін мұның бәрі жеткіліксіз екені анық. Қазақстанды озық елге айналдыруымыз керек. Бұл жай ұран емес. Бұл - біздің нақты жоспарымыз. Бізге керегі  - дамудың сара жолы. Сондықтан түбегейлі саяси реформалар жүргізумен қатар еліміздің қоғамдық-экономикалық өмірінде елеулі өзгерістер жасау үшін батыл шаралар қабылдауымыз керек. Ең бастысы, біздің бүкіл іс-әрекетіміз Әділетті Қазақстан құру қағидатына сай болуға тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.    

Өз кезегінде Премьер-министр Олжас Бектенов  Президенттің салмағы ауыр міндеттерін ойдағыдай атқаруға күш салатынын жеткізді.  Кандидатурасын қолдағаны үшін Тоқаев пен депутаттарға ризашылығын білдіруді де ұмытпады.

Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы еліміздің экономикасы мен әлеуметтік саласын дамытуда бірқатар ауқымды тапсырма берді. Аталған тапсырмалардың барлығы мүлтіксіз орындалады. Бұрын-соңды болмаған сын-қатерлер дәуірінде зор экономикалық серпіліс жасауымыз керек. Халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында Үкімет батыл әрі тиімді қадамдар жасайды», - деді ол.

Су жаңа үкіметбасы еліміздің мұнай-газ және көмір химиясы, металды терең өңдеу, мащина жасау, автобөлшектер шығару, яғни жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын салаларын барынша дамытатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, отандық өндірісімізді ынталандыруға бағытталған нақты шаралар қабылдап,  Қазақстанда жасалған тауарлардың үлесін арттырып, ондықтық өндірушілерді қолдау мақсатында офтейк жүйесін толық іске қосатынын айтты.

«Басты мақсат -  басқа елдің емес, өзіміздің ұлттық бизнесімізді қолдау. Ауыл шаруашылығы саласының зор әлеуетін дұрыс пайдалану маңызды. Ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеуге назар аударамыз. Электр қуаты, жылу әрі сумен қамтамасыз ету бағытында белсенді жұмыс атқарамыз. Тиімсіз шығындарды қысқартып, үнімделген қаражат инфрақұрылымды жаңартуға бағытталады. Көлік-логистика саласын дамытып, еліміздің транзиттік әлеуетін арттыру - Үкімет жұмысындағы басымдықтардың бірі болатыны сөзсіз» , - деп сендірді  Үкімет басшысы. Бектенов сондай-ақ, цифрландыру, жасанды интеллектің қолданысын кеңейту, есептеу қуаттарын ұлғайту - аса маңызды міндеттер екенін, Мемлекет басшысы белгілеген заң мен тәртіп қағидатын жүзеге асыруға бағытталған шаралар қабылдайтынына тоқталды. Оның пікірінше, басқа да халықтың көкейіндегі өзекті мәселелер Үкіметтің назарында болады. Ендігі кезекте Бектеновтің командасы бетімен кеткен қымбатшылықты тұсаулап, күрделі экономикалық жағдайларға дайын болуға тиіс. 

Байланысты жаналықтар

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

15.05.2025

Әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды

14.05.2025

«Қисапсыз баюдың жақсылыққа апармайтынын айтатын...». Тоқаев анасы туралы жазба жариялады

11.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
MalimBlocks
Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

Әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды

«Қисапсыз баюдың жақсылыққа апармайтынын айтатын...». Тоқаев анасы туралы жазба жариялады

Әшекей заттар мен қымбат киімдерден тартынатын дейді Президент

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады