Бюджетті жейтін емес, елге жұмыс істейтін депутаттар керек!

Праймериз - депутаттыққа кандидаттардың маскасын шешетін дұрыс жол болды!
Кез келген жаңа реформа келгенде дұрыс қабылдамай жатамыз! Мүмкін реформаны әркім өз бағытына бұрғаннан болар! Бұл жолы Бауыржан БАЙБЕКТІҢ партия ішіндегі бұл өзгерісті Байбек үшін емес, өзіміз үшін қолдауымыз керек!
Бұрын партияға ығай мен сығайлар әр аймақтан сайланып кеткенін ескере отырып, праймеризге барамын деп жалаулатқандардың біразының маскасын шешіп жатырмыз!
Өз баласына алимент төлемеген жауапсыз әке, күзетшіні атып, қамалмаған депутаттың ұлы, шопыры жемқорлық жасады деп айып таққан кандидарды бұл жолы өткізбеуіміз керек!
Өз баласына нанын бере алмай жүрген депутат халықтың жағдайын қайдан жасасын? Күзетшісін абайсызда атып алған адам, ертең халықты абайсызда атып алмайтындығына кепілдік қайда? Ауыл аймақтағы ағайындар!
Праймеризге барамын деген бүкіл үміткерлерден осы бастан талапты күшейтіңіздер!
Бізге бюджетті жейтін емес, елге жұмыс істейтін депутаттар керек!
Партия таңдауға мүмкіндік беріп тұрғанда, депутаттыққа баратындардың маскасын шешіңдер!
Праймеризді тек партия ішін де емес, үкімет басын тағайындап емес, сайлап қолданып көру керек екен!
Айгүл ОРЫНБЕК
Дереккөз: facebook.com
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Дело о захвате аэропорта: здание суда закрыли для посетителей и адвокатов
Здание алматинского горсуда закрыли для посетителей и адвокатов во вторник, 19 сентября. Известно, что в одном из залов судебных заседаний идет апелляционное рассмотрение жалобы на приговор суда первой инстанции, по которому осуждены активисты Айгерим Тлеужан, Калас Нурпеисов и еще трое алматинцев.