Дариға Назарбаева. Қош бол, сенат қайта айналып келгенше...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 2 мамыр күні парламент сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеті тоқтатылды. Ақорда сайтында Тоқаевтың тиісті жарлығы жарияланды. Бірақ, жарлықтың мәтіні Ақорда сайтына шықпаған. Тек хабары ғана тұр. Дегенмен, сенат депутаттығынан алынды дегені Сенат спикерлігі қызметінен де қош айтысты деген сөз.
Мемлекеттік билік басындағы екінші лауазымды қызметте отырған Дариға Назарбаеваның не үшін кеткені Ақорда сайтында хабарланбайды. Бір айта кетерлігі, Дариға Назарбаева сенат спикерлігіне былтыр Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнына келген еді. Соңғы кездері Д.Назарбаева белсенділік танытып, баспасөзде көп көріне бастаған. Оның мемлекеттік атқарушы орындары мен ел экономикасына қатысты айтқан сындары әкесі Н.Назарбаевтың президент боп тұрған кездегі кейбір бастамаларын, жұмысының нәтижесін жоққа шығарып тастайтын. Сондай-ақ, Д.Назарбаева бір ай бұрын Конституциялық кеңеске парламенттегі заң шығару құқығына қатысты түсіндірме сұраған еді. Оның бұл әрекеті саяси элитаға түсініксіз болып қалды. Бір қызығы, Назарбаеваның сұрағына Конституциялық кеңес жауап та берген жоқ.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Казахстан выходит из фарватера Москвы – экономический обозреватель
Экономический обозреватель DW Андрей Гурков считает, что последние 4 месяца отношения между Казахстаном и Россией показывают некоторое изменение градуса взаимодействия. Он анализирует ситуацию с нефтепроводом в Европу, которой предшествовал экономический форум в Санкт-Петербурге, где президент Касым-Жомарт Токаев высказал свою позицию относительно ДНР и ЛНР.