457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Дина Тансари Черногориядан саяси босқын мәртебесін алды

«НеМолчиKZ» қорының негізін қалаушы, құқық қорғаушы әрі журналист Динара Смаилова (Дина Тансари) Черногориядан саяси босқын мәртебесін алғанын Malim.kz.

Қордың әлеуметтік желідегі жазбасында:
"Дина мен Алмат (Мұхамеджанов, қоғам белсендісінің жұбайы) саяси босқын мәртебесін алды. Енді олар халықаралық қорғауда", – деп мәлімделді.

Дина Тансари 2017 жылдан бері «НеМолчи.kz» қоры арқылы Қазақстандағы сексуалдық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсетіп, полицияның әрекетсіздігі мәселесін ашық көтеріп жүрген белсенді ретінде танылған. Ол өз күресін өзі бастан өткерген топтық зорлау оқиғасын жария еткеннен кейін бастаған, бұл оқиға қоғамда зорлық-зомбылықты жасырмау қозғалысына түрткі болды.

Азаматтық белсенділігі үшін ол қылмыстық қудалауға ұшырап, Қазақстаннан кетуге мәжбүр болды. 2023–2025 жылдары Дина Тансари қазақстандық құқық қорғау органдары тарапынан халықаралық іздеуде болды. Көптеген құқық қорғаушылар бұл айыптауларды саяси астары бар деп санайды.

Фото: Masa media