Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев Финляндия Президентін құттықтады

Саясат
Тоқаев Финляндия Президентін құттықтады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Александр Стуббқа Финляндияның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Президент хатта Суоми ұдайы экономикалық өрлеу, әлеуметтік әділдік және экологиялық орнықтылықты тиімді ұштастырып келе жатқан ел екенін атап өткен.

Сондай-ақ Финляндия Президентінің таяуда Астанаға жасаған сапары екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін беріп, елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда нақты нәтижелерге жетуге мүмкіндік бергеніне тоқталған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Стуббтың жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас фин халқына бақ-береке тіледі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу