Ерлан Қарин: Жолдау елді дамытудың стратегиялық мақсаттарына арналды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауына қатысты Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Telegram каналында пікір білдірді

Malim Админ

  • 02.09.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі бастамалары оның бұған дейінгі жолдауларынан және сайлау алдындағы бағдарламасынан бастау алған реформаларды одан әрі дамытуға арналды. Мемлекет басшысы өз сөзінде азаматтардың тұрмысын жақсартуды көздейтін жүйелі экономикалық өзгерістерге баса назар аударды.

Президент атап өткен барлық тоғыз басымдық мемлекеттік саясатты дәл осы міндетті орындауға жұмылдырады. Жолдауда жүзге жуық түрлі бастамалар, ұстыныстар және тапсырмалар бар. Мысалы, салық жүйесін мұқият ойластыра отырып қайта жүктеу, шағын және орта бизнесті қолдауға арналған шаралар топтамасын оңтайландыру, ауыл шаруашылығы өнеркәсібі үшін қолжетімді несие беру, әділ әрі тиімді тариф саясатын жүргізу, көлік инфрақұрылымын жаңғырту, білікті маманда даярлау, жасанды интеллектіні дамыту және жаппай цифрландыру, азаматтардың қауіпсіздігін жан-жақты қамтамсыз ету сияқты басымдықтарды айрықша атап өтеуге болады.

Президент қоғамда бір жыл бойы талқыланып жатқан Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты референдумды өткізу күнін белгіледі. Бұл референдум – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының және Әділетті Қазақстан идеясының жүзеге асырылып жатқанының тағы бір айқын дәлелі.

Мемлекет басшысы халықты алаңдатып отырған бірқатар өзекті мәселеге арнайы тоқталды. Оның ішінде интернет-алаяқтық, жол апаттары, әскердегі тәртіп, наркобизнеске қарсы күрес, медициналық сақтандыру жүйесінің кемшілігі, педагогикалық және медициналық кадрлардың тапшылығы, шағын және орта бизнес саласын шектен тыс мемлекеттік бақылау, ауыл шаруашылығы статистикасын бұрмалау сияқты түйткілдері бар.

Жолдаудағы көптеген әлеуметтік-экономикалық бастамалар Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың отырыстарында айтқан идеологиялық тұжырымдардың іс жүзінде жүзеге асырылуының көрінісі болғанын атап өткен жөн. Президент Жолдауын жариялауға арналған жиынға депутаттар, министрлер және әкімдер ғана емес, түрлі салада қажырлы еңбегімен дараланған жұмысшылар, сондай-ақ Ұлттық құрылтайдың және аймақтық қоғамдық кеңестердің мүшелері қатысты. Бұл тәжірибе жаңа саяси дәстүрге айналып келеді.

Жалпы, Жолдау көптеген күнделікті міндеттерді шешу және елді дамытудың стратегиялық мақсаттарына жету жолдарына арналды.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

"Бірқатар ұтымды жоба ұсына аламыз". Тоқаев Словения президентімен не туралы сөйлесті?

31.03.2025

Ақорда Словения президентін салтанатты түрде қарсы алды

31.03.2025

"Назарбаев Университетінің" президенті Үкімет жанындағы құрылымға мүше болды

29.03.2025

Ертең Тоқаев Мирзиёевпен Алматыда кездеседі

28.03.2025

Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті ретінде қызметіне кірісті

25.03.2025

Трамп Колорадодағы Капитолийде ілінген портретін сынап тастады

24.03.2025
MalimBlocks
"Бірқатар ұтымды жоба ұсына аламыз". Тоқаев Словения президентімен не туралы сөйлесті?

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар шағын құрамда келіссөз жүргізді

Ақорда Словения президентін салтанатты түрде қарсы алды

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Словения президенті Наташа Пирц-Мусарды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

"Назарбаев Университетінің" президенті Үкімет жанындағы құрылымға мүше болды

"Назарбаев Университеті" президенті Ахмад Вакарға үкімет жанындағы құрылымнан лауазым беру туралы шешім қабылданды

Ертең Тоқаев Мирзиёевпен Алматыда кездеседі

29 наурызда Алматыда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтеді

Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті ретінде қызметіне кірісті

Александр Лукашенко жетінші рет​​​​​​​ Беларусь президенті қызметіне кірісті

Трамп Колорадодағы Капитолийде ілінген портретін сынап тастады

АҚШ президенті Дональд Трамп Колорадо штаты Капитолийінде ілінген өзінің портретін сынап тастады