Ертісбаев депутат болғысы келмейді   

Түрлі жағдай орын алуы мүмкін екендігіне назар аудартты

Malim Админ

  • 30.01.2023

Ермұхамет Ертісбаевтың мәжілістен көп  мандат алмақ ойы бар. Олай болмаған жағдайда «депутат болудан бас тартамын» деді ол.   

«Көптеген журналист, партияластарым «Мәжіліске барасыз ба?» деп сауал қойып жүр. Шынымды айтайын, егер біз 35-40 депутат орнын жеңіп алар болсақ, онда, әрине, идеяларымыз, бағдарламаларымыз, осынау мінберден айтылған барлық дүниеміз қысқа ғана уақыттың ішінде жүзеге асуы үшін – барамын», - деді Ермұхамет Ертісбаев Қазақстан халық партиясының кезектен тыс ХХІІІ съезінде.

Сонымен қатар ол саяси науқанда түрлі жағдай орын алуы мүмкін екендігіне назар аудартты.

«Егер фракция шағын, 10, 12, 15 адамнан жасақталса, онда орнымды тізімдегі басқа адамға беремін. Ал өзім партиямызды қалыптастыру және дамытумен айналысамын. Қалған өмірімді елімізде мықты әлеуметтік-демократиялық халық партиясының болуына арнағым келеді», - деді ол.  

Байланысты жаналықтар

Қауіпті жерде жұмыс істейтіндер 55 жастан зейнетке шығуы керек

09.03.2023

Ертісбаев келгелі... Жамбыл Ахметбеков те партиядан кетті   

25.01.2023

Екі сөйлегіш Ертісбаев. Назарбаев дәуірінен – Жаңа Қазақстанға

03.05.2022
MalimBlocks
Қауіпті жерде жұмыс істейтіндер 55 жастан зейнетке шығуы керек

Ертісбаев келгелі... Жамбыл Ахметбеков те партиядан кетті   

«Жаңа басшылықпен түсінісе алмадық»,-деді ол.

Екі сөйлегіш Ертісбаев. Назарбаев дәуірінен – Жаңа Қазақстанға

Күнбағыс сияқты тірлік құру жеке азаматтық ұстанымға қиыспайтын жағдай