Герасимов Америкадағы әріптесіне қоңырау шалған

Путин бұл соққыны Ресей аумағына жасалған алғашқы ATACMS шабуылына жауап ретінде ұсынған болатын.

Аялдар Күнтуған

  • 05.12.2024

Фото: «Украинская правда»

ABC және New York Times басылымдарының хабарлауынша, Ресей Бас штабының басшысы Валерий Герасимов өткен аптада АҚШ-тың Біріккен штабтар құрылымының төрағасы, генерал Чарльз Браунмен телефон арқылы «өте ерекше» сөйлескен.

ABC арнасының хабарлауынша, Герасимов Браунға қарашаның 27-сі күні телефон соғып, Жерорта теңізінде ресейлік әскери кемелерде алда болатын гипердыбыстық зымырандарды сынақтан өткізу туралы ескерткен. Ол американдық кемелерді қауіпсіз қашықтыққа әкетуге шақырған.

3 желтоқсанда Ресей Қорғаныс министрлігі бұл сынақ Жерорта теңізінің шығысында өткенін жария етті.

«Нью-Йорк Таймс» газетінің хабарлауынша, Герасимов сонымен қатар америкалық әріптесіне Кремль «Орешник» деп атайтын жаңа зымыран сынағы Байден әкімшілігі Украинаға ATACMS-ті Ресей мойындаған аумақтардағы нысанаға қолдануға рұқсат бергенге дейін жоспарланғанын айтты. Путин бұл соққыны Ресей аумағына жасалған алғашқы ATACMS шабуылына жауап ретінде ұсынған болатын.

ABC және New York Times әңгімелесу мазмұнын Пентагондағы анонимді дереккөздерден алған. Браунның баспасөз хатшысы капитан Джерил Дорси қоңырауды растады және «генерал Герасимовтың өтініші бойынша генерал Браун қоңыраудың мазмұнын жарияламауға келісті», – деп келтіреді NYT.

Мәскеу бұл әңгіме туралы әзірге ештеңе айтқан жоқ.

Байланысты жаналықтар

Дүниежүзілік банк: Украинаны қалпына келтіруге 524 миллиард доллар керек

25.02.2025

Wall Street Journal: Америка көмектеспесе, Украинада қару-жарақ тапшылығы басталады

25.02.2025

Украинада соғысқан Қазақстан азаматы Путиннен көмек сұрады

25.02.2025

Еурокомиссия төрағасы: Украинаға 3,5 млрд еуро көмек береміз

24.02.2025

Еуропа лидерлері таң атпай Киевке келді

24.02.2025

Илон Маск: Reuters өтірік айтатын басылым

23.02.2025
MalimBlocks
Дүниежүзілік банк: Украинаны қалпына келтіруге 524 миллиард доллар керек

Wall Street Journal: Америка көмектеспесе, Украинада қару-жарақ тапшылығы басталады

Украинада соғысқан Қазақстан азаматы Путиннен көмек сұрады

Еурокомиссия төрағасы: Украинаға 3,5 млрд еуро көмек береміз

Еуропа лидерлері таң атпай Киевке келді

Илон Маск: Reuters өтірік айтатын басылым