Грузия халқы толқып тұр
Бұған дейін оппозицияны ашық қолдайтын Грузия президенті Саломе Зурабишвили елдің Конституциялық сотына 26 қазандағы дауыс беру нәтижесін мойындамауды талап етіп, шағым түсірген.
Тбилисиде парламент алдында наразылық шеруі өтіп жатыр. Грузияның жаңа парламентінің бірінші отырысы қарсаңында ондаған адам Руставели даңғылындағы шатырларда түнеді. Бұл туралы www.dw.com сайты жазды.
Тбилисиде Грузия парламенті алдында 26 қазанда өткен парламент сайлауының нәтижесіне қарсы наразылық шеру тоқтамай тұр. "Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, ондаған адам Руставели даңғылындағы шатырларда түнеген. Жылыну үшін от жаққан, деп жазады жергілікті БАҚ. «Демонстранттар депутаттарды күтуде, оларға Батумиден келген студенттер де қосылды», – деп хабарлайды Georgia Online. Журналистердің бақылауына қарағанда, 25 қараша күні таңертеңгі жағдай бойынша, Грузия парламенті алдындағы жағдай тыныш.
Алайда полиция наразылық білдірушілердің бірін ұстаған. Грузияның ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған "Интерфакс" агенттігі «полицейге шабуыл жасады деген айыппен бұрын сотталған азамат ұсталғанын» жазды. «Гурзия онлайн» 25 қараша күні таңертең Бостандық алаңында су шашатын көліктер тұр деп хабарлады. Арнайы жасақ та келген.
Бүгін жаңа шақырылымдағы парламенттің бірінші отырысы өтеді, онда заң шығарушы органның төрағасы сайланады, сондай-ақ Грузияның премьер-министрі мен үкіметі бекітіледі. Депутаттар ұсынылған кандидаттарды қолдап дауыс беруге тиіс. Грузияның жаңа үкіметін Ираклий Кобахидзе басқаруы мүмкін.
Бұған дейін оппозицияны ашық қолдайтын Грузия президенті Саломе Зурабишвили елдің Конституциялық сотына 26 қазандағы дауыс беру нәтижесін мойындамауды талап етіп, шағым түсірген.
Еуроодақтың сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Бюррел Грузияға «сайлаудағы ықтимал заң бұзушылықтарды тексеру үшін» арнайы миссия тобын жібергісі келетінін айтты. Батыс бақылаушылары сайлаудың ресми нәтижесі сауалнамалар көрсеткішімен мүлдем сәйкеспейтінін, бұл дауыс санау барысында бұрмалаудың болғандығын дәлелдейтінін ескертті.