Кеңес Рақышевтің "әкесі" – АҚШ-тың 46-президенті

Malim Админ

  • 07.11.2020

АҚШ басылымдарының хабарлаунша, Пенсильвания штатында  дауыстарды санау аяқталғаннан кейін Джо Байден сайлаушылар алқасының 273 даусын жинап, АҚШ-тың 46-президенті атанды.

Пенсильваниядағы жеңіс Байденге сайлаушылар алқасының 20 даусын алуға мүмкіндік берді. Осылайша Байден 273 дауыспен АҚШ-тың келесі президенті болып сайланды.

Джо Байден дауыс беру әлі түбегейлі аяқталмаған Джорджия, Невада мен Аризона штатында да алда келеді. Дональд Трамп нәтиженің үстінен сотқа шағымданатынын жеткізді.

АҚШ-та өте қызу өткен сайлауалды науқанында Джо Байденге қарсы жарияланған компроматтарда Ресейдегі Қазақстанның бұрынғы елшісі Иманғали Тасмағамбетовтің күйеубаласы Кеңес Рақышевтің аты аталған.

The New York Post қазанның 20-сы күні «Фото Джо Байденнің Хантердің (Байденнің ұлы) Қазақстандағы ықтимал серіктесімен кездескенін» көрсетеді деген мақала жариялаған. Мақаладағы басты суретте Джо Байден, ұлы Хантер, Кеңес Рақышев пен Кәрім Мәсімовпен түскен суреті жарияланған. Бұл суретті бұған дейін Активтерді қайтару жөніндегі Қазақстан бастамасы (KIAR — Kazakhstan Initiative on Asset Recovery) 2019 жылы жариялаған. The New York Post мұның алдында  «Байденнің құпия email-дері» атты зерттеу жариялап, онда Хантер Байденнің бизнестегі серіктерімен қарым-қатынасын әшкере ететін есептерді қоса тіркеген. Есепте Кеңес Рақышев АҚШ-тағы брокерлік инвестицияларға ара ағайындық жасаған Байденнің ұлына ақша төлегені айтылады.

Ал британдық Daily Mail таблоиды Хантер Байден мен Кеңес Рақышевтің жазысқан делінген хаттардың мазмұнын  жария еткен. Бірақ бұл хаттарды Орталық Азиядағы жемқорлық күресуші белсенділер жібергенін жазған басылым оның рас-өтірігіне қалай көз жеткізгенін келтірмейді.  Басылым Хантер Байденнің әкесі вице-президент болып тұрғанда ұлы жемқорлыққа белшеден батқан елдерде бизнес жүргізгенін жазды.

Daily Mail-ға Орталық Азиядағы жемқорлықпен күресуші белсенділер жіберген хаттарға қарағанда, кіші Байден Нью-Йорк пен Вашингтондағы жобаларға ақша құйғысы келген Рақышевпен кездесулер өткізген. Тіпті Рақышевпен кезесу үшін Байденнің ұлы астанаға келіп кеткен екен.

Содан кейін Хантер Байден Рақышевті сенатор-демократ Джон Керридің қызы, кинорежиссер Александра Форбс Керридің фильм шығарушы компаниясына миллион доллар қаржы құюға көндірмес бұрын Невададағы тау-кен компаниясын сатып алуға көндіруге тырысып, компания өкілдерімен кездесу ұйымдастырған».

«Кіші Байденге жетік емес ағылшын тілінде хат жазған Рақышев онымен жақын болып кеткендей. Ол Хантерді «менің бауырым!» және «басқа анадан туған бауырым!» деп атаған.

Рақышев пен Хантер Байден хаттарында отбасылық мерекелердегі өсектерді жазады, екеуі Нью-Йорк пен Вашингтондағы қымбат ресторандарда бірге тамақтанған.

Daily Mail 2012 жылы Рақышев Forbes есебінше 332 миллион долларымен магнаттардың тізіміне енгенде, басқа олигархтар ұқсап ақша құюға болатын қауіпсіз жер іздеп, АҚШ-қа келгенін келтіреді. Алайда қатаң реттелетін Батыс капитализмі әлемінде инвестициялық серіктестер Рақышевтің ақшасын алуға ынталы болмаған.

Басылымның жазуынша, осы уақытта Рақышев АҚШ-тың әділет министрлігі назарына ілінген. Кейін ол Қазақстанның мұнай-газ саласына иневстицияларға қатысты шетелдегі жемқорлықпен күрес заңын ықтимал бұзушылық ісіне іліккенімен, ешқандай айып тағылмаған. Әлбетте, мұның барлығы Рақышевтің көңілін қалдырып, ақыр аяғы осы нәрсе АҚШ-тағы ең ықпалды әулеттің өкілі Хантер Байденмен кездесуіне ықпал еткен болуы мүмкін.

"Сөйтіп, 2012 жылдан бастап Рақышев кіші Байденмен хат алмаса бастайды. Шілде айында Хантер астанаға келген. «Сізбен сөйлесіп, Қазақстан сапардың қорытындысы бойынша ары қарайғы әрекетті талқылағым келеді», — деп жазады Байден Рақышевке".

«Үш айдан кейін Байден Рақышевке шығыс Аризонадағы калий өндіретін Prospect Global Resources-қа инвестиция құю жөніндегі келіссөздерді жүргізуге көмектескен. Mail басылымы қолға түсірген хаттар келіссөздер үзіліп қалғанымен, екеуі достық қарым-қатынаста қалғанын көрсетеді».

Басылымның жазуынша, кейін де хат алмасулар жалғасқан. "Ал 2013 жылдың аяғында Байденнің серіктесі Арчер Рақышев пен жоғарыда аты аталған Джон Керридің қызымен конференц байланысты ұйымдастырған".

Сол қоңыраудан кейін Рақышев Байденге «Басқа анадан туған бауырым, рахмет! Көп рахмет, бауырым!  1 миллион салуға шештік. Менің поштамды оларға берші» деп жазады. Осылайша Рақышев фильм шығарушы компанияға ақша құйған.

Басылымның жазуынша, еш уақытта Рақышевке қарыз екенін жария түрде мойындамаған Форбс Керри келісімшартты 2014 жылдың қаңтарында жасасты. Келесі айда ол Рақышевпен Вашингтонда кездесіп, кешкі ас ішкен.

"Кеңес Рақышев фильм шығарушы компанияға 1 миллион доллар ақша құйған соң үш айдан кейін Novatus оффшор компаниясы Хантер Байденнің Rosemont Seneca фирмасына 143 мың доллар аударып, ол «машинаға арналған ақша» деп мәлімдеген. Есепке қарағанда, Novatus-тың жалғыз акционері Кеңес Рақышев".

 

 

Байланысты жаналықтар

Қытай сауда соғысында АҚШ-ты жеңуге шамасы жете ме?

07.04.2025

АҚШ-та Трампқа импичмент жариялау ұсынылды

06.04.2025

Трамп АҚШ-та төтенше жағдай жариялады

03.04.2025

Трамп «АҚШ тарихындағы шындықты қалпына келтіру» жарлығына қол қойды

28.03.2025

Трамп америкалық мұсылмандарға ауызашар берді

28.03.2025

Трамп сайлаушылар туралы жарлық шығарды

26.03.2025
MalimBlocks
Қытай сауда соғысында АҚШ-ты жеңуге шамасы жете ме?

АҚШ-та Трампқа импичмент жариялау ұсынылды

АҚШ-тың демократ-конгрессмені Эл Грин қазіргі президент Дональд Трампқа импичмент жариялау рәсімін бастауды ұсынды

Трамп АҚШ-та төтенше жағдай жариялады

АҚШ президенті Дональд Трамп елдегі сауда балансының тапшылығы ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретіндіктен, төтенше жағдай енгізілгенін мәлімдеді

Трамп «АҚШ тарихындағы шындықты қалпына келтіру» жарлығына қол қойды

Трамп америкалық мұсылмандарға ауызашар берді

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде ауызашар беріп, мұсылмандар алдында сөз сөйледі

Трамп сайлаушылар туралы жарлық шығарды

Бұған дейін ол елдегі сайлау жүйесінің кемшіліктерін бірнеше рет сынға алған