Ким, сіз мыс пен Отанды қатар сата алмайсыз

Malim Админ

  • 30.06.2020

Бұрынғы «Таң» қазіргі «Оң ТВ» телеарнасы сепаратизмді насихаттайды. Бұл туралы қоғам қайраткері Арман ШОРАЕВ фейсбук әлеуметтік желісінде мәлімдеді.

«Танып, біліп жүрулеріңізді сұраймын – Владимир Ким мен Наталья Акентьева – еліміздегі ең басты сепаратизмді дамытушылар. Жуырда біздің елдегі Он TV телеарнасының толқыны арқылы Ресейдің агрессивті «Звезда» телеарнасы көрсетіле бастады. Бұл - Кремльдің көршілеріне қарсы көрсетіп жүрген агрессиясының логикасын мен басқа да милитаристік көзқарасын түсіндіріп, насихаттайтын арна. Сондықтан да ол бүткіл контентін мемлекеттік тілге аударып береді.
Ал енді, менің туған тілімде, Абайдың ана тілінде, өз қазақ тілімізде олар бізге, қазақтарға Украина мен украиналықтардың қандай нашар халық екенін, Грузия мен грузиндердің, Молдова мен оның халқының да жақсы емес екенін және неге Крымның Ресейдікі екенін де насихаттап жатыр.
Бізге әлгі ОРТ Евразия арнасы аздық еткендей, енді тағы бір зомби-телеарна қосылды. Және бұл арнаның Отау тв каналдарының тегін пакеті тізімінде бар екенін де айта кеткен жөн.

Бұл әңгімеге Ким мен Наталья бикештің не қатысы бар дерсіз? Өйткені, бұл телеарнаның басқарушысы – РБК банк.
Ким, мен сізді түсінбеймін, бұл сіздің тым қатты тойынғаныңыз ба, әлде сіз біздің елді сепаратизмнің құшағына итеріп жатырсыз ба? Сіз өзіңіздің арнаңыз тура жарты күн бойы Ресей диаспорасына Гиви мен Моторола және басқа да «жасыл адамдар» осында келетініне үміт сыйлайтынын түсінесіз бе? Ал сіз қалған жарты күнді қазақтар мен украиндарді, қазақтар мен грузиндерді бір-біріне айдап салып отырсыз ба?
Мен Қазақстан билігінен аталмыш телеарнаның Отау тв-ден толық жойылуын және эфир жүргізуін тоқтатуды талап етемін! Біз Украинаға соғыс жариялаған жоқпыз және Қырымды ресейге тиесілі деп мойындаған жоқпыз! Оның үстіне, егер біздің елде Ресей жағында Донбаста соғысып жүрген азаматтар қылмыстық жауапқа тартылса, онда теледидарлар болашақ содырлардың жасырын түрде тартылуы туралы неге хабар таратуы керек? Менің пікірімді қолдайтындар, РБК Банкке бойкот жариялауыңызды өтінемін. Ким, сіз мыс пен Отанды қатар сата алмайсыз. Біреуін таңдаңыз», - деп жазды Шораев мырза.

Фото: yandex.com

Байланысты жаналықтар

Самовыдвиженцы "Аманата" победили на выборах

20.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты

20.03.2023

ЕҚЫҰ өкілі: Сайлауалды науқан белсенді өтті

20.03.2023

«BAQYLA» қозғалысы сайлауды 25 қалада бақылады

20.03.2023

Арман Шораев: «Менің жеңісімді ұрлап жатыр»

20.03.2023

Exit poll нәтижесі шықты.  Қай партия басым түсті?

20.03.2023
MalimBlocks
Самовыдвиженцы "Аманата" победили на выборах

Центральная избирательная комиссия представила предварительные итоги выборов в мажилис по партийным спискам и одномандатным округам.

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты

Көп дауыс алған кімдер?

ЕҚЫҰ өкілі: Сайлауалды науқан белсенді өтті

Науқан барысында әкімшілік кедергілерге де тап болды

«BAQYLA» қозғалысы сайлауды 25 қалада бақылады

Республика бойынша 25 қала мен елді-мекенді қамтылды.

Арман Шораев: «Менің жеңісімді ұрлап жатыр»

Протоколдардың жартысы біздің қолымызға тимейді

Exit poll нәтижесі шықты.  Қай партия басым түсті?