Компартияның игі дәстүрін жалғастыратын партия керек – Олжас Сүлейменов саясатқа оралмақ

Олжас Сүлейменов 1992 жылы партия құрарда Компартияның игі істерін жалғастыратын партия құру керек екенін түсіндім дейді. Сол партияны қайта жандандырмақ.

  • 23.05.2022

Ақын Олжас Сүлейменов партия құратынын мәлімдеді. Ол бұл туралы Алматыда өткен баспасөз конференцяисында мәлімдеді.

«Қазақстан халық конгресі» («Народный конгрес Казахстана») деп аталатын партия құратыны туралы ақпарат бұған дейін де хабарланған. Енді Сүлейменов бұл туралы ресми мәлімдеді.

«Біздің партиямыз – «Қазақстан халық конгресі» Совет одағы ыдырай салып, 1992 жылы құрылған. Бұл кезде Комунистік партияны талақ етіп, барлық республикаларда, ішінде Қазақстанда бар, жеке-жеке ұлттық партиялар құрыла бастады. Мен сол кезде-ақ біздің мәдениетіміз бен қоғамымызға Компартия әкелген жағымды дәстүрлерді жалғастыратын партия керек екенін түсіндім. Өткеннен бір сәтте бас тарта салуға болмайды, ескірген нәрседен бас тарту керек. Ал біз өткеннің бәрін жоққа шығаруға үйреніп алғанбыз. Ортақ мүлік дегеннен бас тартып, колхоз-совхоздардан бастап, бәрін жекешелендіру керек дедік, тартып кеттік», - деп, Тәуелсіздік алған алғашқы жылдарға біраз өкпесін айтып алды.

Жалпы, бұл партия 1992 жылы ақын Мұхтар Шаханов пен осы Олжас Сүлейменовтің тең төрағалығымен құрылған. Артынша Шаханов Қырғызстанға елші болып кетіп, Сүлейменов төраға болып қалған. Және бір қызығы 1994 жылғы референдум қарсаңында арнайы мәлімдеме жасап, Назарбаевты сынаған:

«Референдум арқылы президент өз құзіретін тағы ұзартпақшы. Сірә, өз билігіндегі сайлау машинасының мүлт кетпейтін механизміне сенетін болар. Әрине, 1991 жылғы сайлаудағыдай 99 процент деп жар салудың ыңғайсыз екенін президент командасы сезеді. Халық бұған сенбейді, өйткені республиканы талау мен қайыршылыққа душар еткен президент саясатына көпшілігі қарсы дауыс береді», - деген.

Тіпті, президент сайлауына түспек болған Сүлейменов ақыры Шаханов сияқты елші болып кеткен – Италияға. 1992 жылы құрылған партия сөйтіп 1995 жылға дейін өмір сүрді деуге болады. Сүлейменов елші болып кеткен соң-ақ бұл партия саяси аренада аталмайтын болды.

Конференцияда Олжас Сүлейменов Украинадағы жағдайға қатысты да пікір білдірді. Ол Украинада да, Қазақстанда да тек украин, қазақ тілдері ғана болуы керек деген бастаманың мүмкін емес екенін айтады.

«Біз ондаған жылдар бойы Совет билігінде болдық, осы уақыт ішінде бізде көптілділік қалыптасты. Екі тілдің бірін алып тастау деген барып тұрған әділетсіздік. Қазір көріп отырмыз ғой, Украинада не болып жатқанын. 2014 жылы дарынсыз саясаткерлер украин тілін заңды, жалғыз мемлекеттік тіл ретінде қалдырып, орыс тілін заңсыз деп жариялады. Нәтижесінде Украина көріп отырғанымыздай өз мемлекеттілігін жоғалтты. Бұл кез келген мемлекеттің басына келуі мүмкін», - деді ақын.

Олжас Сүлейменов 2019 жылы да партия құратынын мәлімдеген. «Жасыл әлем» атты партияның төрағасы ретінде саясатқа оралмақ болған Олжас Сүлейменов артынша тынышталып қалған. Ол кезде де партияны Әділет министрлігіне тіркеуге жіберіп, қол жинаумен айналысатындарын хабарлаған. Бүгіннен бастап 86 жастағы ақын кезекті мәрте партиясын тіркеуді бастамақ.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады