Көтерілістен соң президенті ақыры отставкаға кетті
Елдегі көтерілістен соң Мали президенті Ибрагим Бубакар Кейт отставкаға кетті, - деп хабарлайды РИА Новости агенттігі.
"Осы уақыттан бастап, өз өкілеттігімді тоқтатамын деп шешім қабылдадым. Мен билігімнің сақталғаны үшін қан төгілгенін қаламаймын", - деді президент тікелей эфирде.
Сонымен қатар, ол елдің парламенті мен үкіметі таратылатынын мәлімдеді.
Айта кетейік, осыған дейін Малиде көтерілісшілер президент Ибрагим Бубакар Кейт пен премьер-министрді кепілге алғаны айтылған болатын.
Ибрагим Бубакар Кейт 2013 жылдан бері Малидың президенті. Елдегі кедейліктің себебінен әскерилер мен халық көтеріліске шыққан.