Латын графикасы негізінде қазақ әліпбиі әзірленіп жатыр

Тілтанушы ғалымдар «и», «й», «ы», «і» әріптерін белгілеу бойынша апробация жүргізді

Мадина Қайнарова

  • 10.09.2024

Ғылым және жоғары білім министрлігі латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін жасап жатыр.

Әліпбидің жобасын Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы және жоғары оқу орындарының тілтанушы ғалымдары әзірлейді. Онда халықаралық фонетикалық әліпбидің таңбаларына және компьютерде әріптерді танудың Unicode стандартына, сондай-ақ ортақ түркі әліпбиіне жалпы сәйкестігі ескерілмек.

Министрліктің ақпараты бойынша, бұған дейін тілтанушы ғалымдар Астана, Алматы қалалары мен Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды облыстарындағы жоғары оқу орындары мен тілдерді оқыту орталықтарында «и», «й», «ы», «і» әріптерін белгілеу бойынша апробация жүргізген екен. Соның нәтижелеріне қазір ғылыми талдау жасалып жатыр.

Айта кетсек, тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында латын әліпбиін пайдалана отырып, жазбаша қарым-қатынасқа пайдаланушылардың үлесіне 2027 жылға қарай 5%-ға, 2028 жылға қарай 10%-ға және 2029 жылға қарай 15%-ға дейін жеткізу жоспары бекітілген. Министрлікте бұл бағыттағы жұмыстардың қазақ тілінің латын әліпбиі мен емле ережесі бекітілгеннен кейін басталатынын айтып отыр.

Фото: mysl.kazgazeta.kz

Байланысты жаналықтар

Таңбаның тарихи негізі: У мен И

29.05.2021

Қазақ әліпбиінің тілтанымдылығы

29.05.2021

Қазақ жазуының реформасы және жаңа әліпби

30.04.2021

Қазақ тілі – қасаң тіл емес

12.04.2021

ЖАҢА ӘЛІПБИГЕ КӨШУ КЕЗЕҢІНДЕ ҚОҒАМДЫҚ ТҰТАСТЫҚ ҚАЖЕТ

09.04.2021

ЖЕТІЛДІРІЛГЕН ӘЛІПБИДЕГІ «ҚЫСҚА Й» МЕН «ҰЗЫН И»

08.04.2021
MalimBlocks
Таңбаның тарихи негізі: У мен И

«Жазу ережелері тақырыпты таластың мықтысы «у» мен «и»-да», -деп жазады ХХ ғасыр басындағы қазақ жазуының алғышқы теоретиктерінің бірі – Омарұлы Елдес .

Қазақ әліпбиінің тілтанымдылығы

Қазақ жазуы әлемдегі басты әліпби түрлерінің бәрімен де – араб, латын, кирил графикаларымен – жазып көрдік.

Қазақ жазуының реформасы және жаңа әліпби

Бүгін 30 сәуір күні “ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ РЕФОРМАСЫ ЖӘНЕ ЖАҢА ӘЛІПБИ” атты республикалық ғылыми-практикалық онлайн конференция өтті.

Қазақ тілі – қасаң тіл емес

ЖАҢА ӘЛІПБИГЕ КӨШУ КЕЗЕҢІНДЕ ҚОҒАМДЫҚ ТҰТАСТЫҚ ҚАЖЕТ

ЖЕТІЛДІРІЛГЕН ӘЛІПБИДЕГІ «ҚЫСҚА Й» МЕН «ҰЗЫН И»