Лукашенко Беларусь президенттігіне "лайық кандидаттарды" атады
Беларусь президенті Александр Лукашенко президент сайлауына қатыса алатын "лайықты кандидаттарды" атады. Александр Лукашенконың бұл видеомәлімдемесін "Пул первого" Telegram-арнасы жариялады.
"Менің балаларым менен кейін президент болмайды. Міне, осында екі адамым тұр... Олар президент сайлауына қатыса алады. Олар мықты кандидат болады. Бірі – генерал, бірі – губернатор", - деді Александр Лукашенко жақын жерде тұрған Гродненск облысының губернаторы, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Владимир Караник пен бұрынғы ішкі істер министрі, Гродненск облысындағы көмекшісі Юрий Караевты нұсқап.
"Олар жастар, жаңа буын, ақылды, осы елдің бағасын біледі", - деді Беларусь президенті Александр Лукашенко.
[video width="1280" height="720" mp4="https://malim.kz/wp-content/uploads/2021/03/368ca3387221af046c5abd0bf13d3573.mp4"][/video]
Юрий Караевтың жасы 54-те, ал Владимир Караник 48 жаста.
Юрий Караев 2012-2019 жылдар аралығында ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарды. Ал 2019 жылдың маусымында ішкі істер министрі болып тағайындалды. 2020 жылы президент сайлауынан кейін наразылық акциясын таратуға бұйрық берді. Полицейлер наразыларға қарсы күш қолданған. Караев қажет болса полицейлер оқ атуға дейін барады деп қорқытқан.
2020 жылдың қазанында Александр Лукашенко оны отставкаға жіберіп, Гродненск облысы бойынша өзінің көмекшісі етіп тағайындады.
Ал Караник 2019 жылдың маусымынан 2020 жылдың тамызына дейін денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды. Президент сайлауынан кейін өткен митингтерде полицейлер шерушілерге күш қолданған кезде дәрігерлер денсаулық сақтау министрлігі ғимаратына барып, өздерін изоляторға қамалған, соққыға жығылған шерушілерге жіберуді талап еткен. Дәрігерлерге сол кездегі денсаулық сақтау министрі Караник шығып, басу айтып, 158 адамның ауруханаға түскенін хабарлаған. Шеруге шыққан дәрігерлер әуелі Караниике "Отставкаға кет!" деп айқалаған. Караник оқиға орнынан кетпек болғанда дәрігерлер оған "Масқара!" деп айқайлады. 2020 жылдың тамызында Александр Лукашенко Караникті қызметінне босатып, Гродненск облысының губернаторы етіп тағайындады.