Матаевтар. Назарбаевтың Қазақстаны келтірген зиянды Жаңа Қазақстан өтей ме?

Матаевтардың толықтай ақталуы мүмкін екені бұған дейін де хабарланған.

  • 19.07.2022
Әкелі-балалы Матаевтар сот залында адвокаттарымен/фото ашық дереккөзден алынды

Жоғарғы сот қазақстандық белгілі журналистер әкелі-балалы Сейітқазы және Әсет Матаевтарды толықтай ақтады. Бұл туралы "ҚазТАГ" хабарлады.

«Жоғарғы сот сейсенбі күні Астана қаласы сотының Сейітқазы және Әсет Матаевтарға қатысты 9 желтоқсан 2016 жылғы үкімінің күшін жойды. Үкім оқыған судья Матаевтардың ақталғанын, сонымен қатар қылмыстық процессті жүргізген органдардың заңсыз әрекеттері негізінде келтірілген зиянды талап ету құқығына ие болды», - деп жазады агенттік.

Сейітқазы, Әсет Матаевтар 2016 жылы сотталған. Сот екеуіне дүние-мүлкі кәмпескелеу арқылы 6 және 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім кескен. Ал, Сейітқазы Матаевқа өмір бойы кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салған.

Сейітқазы Матаев пен «ҚазТАГ» ақпараттық агенттігін басқаратын ұлы Әсет Матаевқа «аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды және аса ірі көлемде салық төлеуде жалтарды» деген айып тағылды. Сейітқазы Матаевқа ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлімі 2-тармағы, 245-бабының 3-бөлімі 177-бабы 4-бөлімі "б" тарбағы бойынша; Әсет Матаев ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлімі 2-тармағы бойынша айыпталған. Екеуі де бұл айыппен келіспейтінін білдірген.

Бір жылдан кейін Сейітқазы Матаев рақымшылыққа ілігіп, жазасын өтеу мерзімі қысқарып, ақыры 2017 жылы мерзімінен бұрын босату туралы өтініші қанағаттандырылып, босап шыққан.

Әкелі-балалы Матаевтар қамауға алынғанда отандық және шетелдік БАҚ-тарда бұл «сөз бостандығына жасалған қысым» ретінде жиі талқыланған.

Матаевтар Назарбаев дәуірінде айыпталып, Тоқаев президенттігі кезінде ақталды. Сот олардың шеккен зиянын өтеуді талап ету құқығы бар екенін айтты, енді олар бұл зиянды кімнен талап етеді? "Ескі" Қазақстан тигізген зиянды "Жаңа Қазақстан" өтей" ме?

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады