Мемлекет сепаратизмнің шеруіне шектеу қоя ала ма?

Бүгін Алматы қаласында соғыс құрбандарын еске алу үшін Панфилов паркіне 2 мыңға жуық адам жиналған. Араларында Сталиннің портретін көтерген адамдар да жүр.

Malim Админ

  • 09.05.2022

Соңғы жылдары 9 мамыр жақындаса болды Георгий лентасын таққан адамдар бой көрсете бастады. Одан қалды интернет беттеріне де сол сары-қара жолақты матаның суреті қаптап кететінді шығарған. Сонымен зиянкес колорадо қоңызына ұқсататын бұл сарыжағал белгі нені білдіреді? Malim.kz тілшісі шолып көрген еді.

Георгий лентасы – XIX ғасырда пайда болды. 2006 жылы орыс армиясында Георгий марапат жалаулары енгізілді. Жалаудың басында Георгий кресті бейнеленіп, оның жоғарғы жағына қара және сары түсті Георгий лентасы (дәл қазіргідей) байланды. 1878 жылдан бастап бұл лента «Георгий лентасы» аталды. Тіпті, орыстар бұл белгіні христиан дінінің сеніміне сәйкестендіріп, ең қасиетті медаль дәрежесіне дейін көтерді. Бұл осы кезеңнен бастап, Патшалық Ресейдің рухын асқақтатар әскери ең жоғарғы наградаға айналды. Алайда 1917 жылдан бастап, Кеңес үкіметі бұл белгіге түпкілікті тыйым салды. Тек 1992 жылдан бастап, Ресейде Георгий орденін беру қайта жандана бастады. Тағы да тарихты ақтарсаңыз, Патшалық Ресей тұсында осы Георгий орден-медальдарымен біздің елдегі казактар марапатталып отырғанын көресіз. Ал сол казактардың дені қазақты қалай қырғаны, қандай қасірет әкелгені бәрімізге белгілі. Ал қазіргі Георгий лентасы – Ресейдің әскери айбын мен ерлікті білдіретін ең танымал, әрі құрметтелетін нышан. КСРО марапат жүйесінде ол «Гвардия лентасы» деген атпен аталған еді. Бір қызығы Гвардия лентасы фашистік Германияны жеңгеннің символы болып танылды. Алайда 2005 жылдан бастап оны Ресей оны «Георгий лентасы» деп атады. Бұған дейін бұл белгі Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің символы санала бастап еді, бірақ, империялық сана дүниеге әкелген лентаға әлем Қырымдағы жағдайдан кейін басқаша көзқараспен қарайтын болды.

Георгий лентасын әлемге жаппай тарату шарасы 2005 жылы жеңістің 60 жылдығына орай Ресейде басталғаны белгілі. Сол жылдан кейін бұл шараны Ресей билігі мұны дәстүрге айналдырды. Бұл жайт 2008 жылдары рекорттық көрсеткішке жетті. Ресей, Грузия, Абхазия, Беларусь, Украина, Греция, Франция, Италия, Эстония, Латвия, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Молдавия, Әзірбайжан, Қытай, Вьетнам, Бельгия, Қырғыз Қазақстан, Өзбекстан және Ауғанстан қатарлы әлемнің 30-дан астам елінде таратылды. Сол жылы Георгий лентасын таратушылар 24 сәуір мен 12 мамыр аралығында 50 миллионға жуық лента үлестіргендерін мақтанышпен айтқан болатын. Мұндай жағдай біздің елімізде де жиі көрініс беріп келеді. Мәселен, 2015 жылы 8 мамырда Ақтөбедегі мектеп оқушыларына тәрбиешілердің Георгий лентасын таратқаны жайлы ақпарат шығып, қоғамның сынына ұшыраған.

Әлем саясаткерлері Ресейдің осы біржапырақ лентасын империялық саясаттың жанданып келе жатқанына балады. Оған бірнеше деректерді мысалға келтірді. Мәселен, Қырымда, кейіннен Украинаның шығысында орын алған саяси шиеленіс кезінде федерализацияны қалайтындар мен Украина тұтастығына қауіп төндірген сепаратистер осы лентаны тұмар еткені белгілі.

Осындан кейін Батыс елдері бұл белгіні көп сынады. Тіпті бұрынғы Совет Одағы құрамында болған елдердің көпшілігі Ресейдің Георгий лентасынан бас тартып, Жеңіс күнінің өз символын жасады. Қазір СССР құрамында болған елдер Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күнін әртүрлі деңгейде атап өтеді.

Латвия, Литва мен Эстония секілді балтық елдері Жеңіс күнін атап өтуден мүлде бас тартқан. Бұл елдердің ұлттық мерекелерінің ішінде мұндай мейрам жоқ. Дегенмен бұл күнді ел ішінде Батыс Еуропадағыдай 8-мамырда атап өтетін елдер де бар. Балтық елдері есей империясына, советтік коммунизмге және национал-социализмге қатысты символдардың бәріне тыйым салған. Беларусь та бұл лентадан бастартып, мемлекеттік туы түстес қызыл-жасыл лентаның үстіне тігілген алма ағашы гүлін жеңіс символы ретінде белгіледі. Ал Молдова елі Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әртүрлі тараптарды қолдағандықтан «Жеңіс күні» деген мерекені алып тастаған. Либералдық партия мүшелері тіпті Георгий лентасын таққаны үшін жеке тұлғаларға 120 доллар, ал ұйымдарға 250 доллар көлемінде айыппұл салуды көздейтін заң жобасын да ұсынған. Іс жүзінде Молдовадан бөлініп кеткен Приднестровье аймағындағы Ресейдің ықпалын көріп отырған депутаттар қара-сарғылт жолақты Георгий лентасын сепаратизмнің, заңсыздық пен хаостың және қасірет символы санайды. Украина 2017 жылы Екінші дүниежүзілік соғыстың советтік «мұрасынан» бас тартып, «Ұлы Отан соғысы» деген тіркесті алып тастады. Сөйтіп, олар большевизм мен нацизмнің жасаған қылмыстарын тең дәрежеде бағалайтын болды. Бұған қосаь2017 жылы Украинаның Жоғарғы Радасы Георгий лентасы үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізетін заң қабылдаған. Орталық Азия елдері де бұл лентадан бас тартты. Қазақстан Жеңіс күнінің символын Георгий лентасы орнына мемлекеттік тудың көгілдір матасына сары түсті өрнек салынған лентаны қабылдады. Қырғыз Республиксында да осы үрдіс байқалады. Ал Өзбекстан 2000 жылы Жеңіс күнінің символдарын мемлекеттік туы түстес жасыл түспен белгіледі. Әлемнен оқшаулау Түркіменстанның бұрынғы Түркіменбашы мен оның орнын басқан президент Бердімұхаммедовтің құрметіне жеңістің нышаны ретінде ақ түсті таңдаған. Кавказ – Тау халықтарында да бұл лента байқала бермейді. Грузияда мүлде жоқ. Армяндар Осман империясы кезінде армяндардың қырғынға ұшырағанының 100 жылдығын атап өтеміз деп, күлгін түсті гүл жеңіс белгісі ретінде белгіленген.

Р.S. 2019 жылы 9 мамырда Алматы қаласында «Бессмертный полк» шеру өтіп, оған сол кездегі Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің өзі қатысып айды аспаннан бір-ақ шығарған болатын. «Бессмертный полк»  шеруі Ресейде жыл сайын өтеді.

Көптен бері жыл сайын өтіп, жұрттың наразылығына іліккен «мәңілік полк» шеруі өтпейді, Жеңіс күні тойланбайды, Георгий лентасы тағылмайды делінген болатын. Алайда Кеше Оралда қызыл жалау таққан, Георгий лентасын байлаған, қара-сары жолақты жалау көтерген бір топ адам авто шеруге шықты. Абырой болғанда дер кезінде қалалық жол полицейлер тоқтатты. Ал бүгін Алматы қаласында соғыс құрбандарын еске алу деген сылтаумен тағы да Панфилов паркіне 2 мыңға жуық адам жиналған. Араларында Сталин Василий Иосифовичтің портретін көтерген адамдар да жүр.

Өкініштісі сол – мемлекеттік тарапынан мұндай жат пиғылды, сепаратизм, заңсыздық пен хаостың символына айналған мұндай шерулерге шектеу қоя алмай келеді.

Суреттер ашық дереккөздерінен алынды.

Байланысты жаналықтар

«Ерлік майданда ғана жасалмайды»: Тоқаев мереке қарсаңында марапаттар тапсырды

06.05.2024

Қорғаныс министрлігі бас тартқан әскери шеруді Байқоңыр өткізеді

30.04.2024

Жыл басынан бері ұлттық алауыздықты қоздырғаны үшін 6 қылмыстық іс қозғалды – ІІМ

17.04.2024

Соғыстан кейін Совет әскері қайыр тілеп кетті

09.05.2022

Әлімжанов депутаттың сынына жауап берді

11.05.2021

Cоғыстан қайтқан сормаңдай тағдырлар

09.05.2021
MalimBlocks
«Ерлік майданда ғана жасалмайды»: Тоқаев мереке қарсаңында марапаттар тапсырды

Президент ардагерлерге мерекеге орай жыл сайын қосымша төлемақы берілетінін, ал биыл оның көлемі үш миллион теңгеге дейін өскенін жеткізді.

Қорғаныс министрлігі бас тартқан әскери шеруді Байқоңыр өткізеді

Қала әкімшілігінің ресми сайтында мамыр мерекесіне арналған шаралар тізімі жарияланған.

Жыл басынан бері ұлттық алауыздықты қоздырғаны үшін 6 қылмыстық іс қозғалды – ІІМ

Көрсетілген құқық бұзушылықтар үшін ҚР Қылмыстық кодексінде қылмыстық жауаптылық шаралары көзделген.

Соғыстан кейін Совет әскері қайыр тілеп кетті

Әлімжанов депутаттың сынына жауап берді

Cоғыстан қайтқан сормаңдай тағдырлар