Могиканның соңғы тұяғы. Назарбаевтар билігі бітті ме?

Желіде мәжіліс депутаты Дариға Назарбаеваның отставкасын талап ететін петиция пайда болды.

Malim Админ

  • 11.02.2022

«Тұңғыш президенттің қызы Дариға Назарбаеваның отставкасы туралы мәселе талқыға түсіп жатыр. Алайда ол әлі күнге Орталық сайлау комитетіне ресми өтініш бермеген. Оның көмекшісінің сөзінше, Назарбаева қазір коронавирустан  емделіп жатыр. Ал кейбір ақпарат көздері оның Дубайға кетіп қалғаны туралы мәліметтер таратты. Біз Дариға Назарбаеваның отставкасын талап етеміз!» — делінген петицияда.

Петицияны мына жерден толық көре аласыз.

Бүгін түскі 12-ден өте жарияланған петицияға жарты сағат ішінде 200-ге жуық адам қол қойған.

Айта кетейік, кеше мәжіліс депутаты Айдос Сарым «Дариға Назарбаева өз еркімен отставкаға кетуі керек» деп пікір білдірген.

Оқи отырыңыз: Айдос Сарым: Считаю, что Дарига Назарбаева должна добровольно подать в отставку

Назарбаева жыл басынан бері жұмысқа шықпаған.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басында Маңғыстау облысында газ бағасының қымбаттауы салдарынан жаппай наразылық акциялары басталған. Кейіннен оларды елдің басқа өңірлері қолдап, экономикалық-әлеуметтік мәселелермен қатар, саяси өзгерістер де талап етілген. Елдің бірнеше өңірінде оқ атылған.

5 қаңтар күні үкімет отставкаға кетіп, президент газ бағасының түскенін хабарлады. Бұған қарамастан елде қарсылық жалғасып, интернет бұғатталып, билік «террористер шабуылдады» деген ақпарат таратқан. 6 қаңтар күні 2016 жылдан бері ҰҚК басқарып келе жатқан Кәрім Мәсімов «елге сатқындық жасады» деген айыппен ұсталды.

Ел арасында көптен халық алдында шықпай кеткен бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың шетел асып кеткені туралы айтыла бастады. Кейінірек экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Сарым Твиттердегі жеке парақшасында "Бұрынғы президент  Нұр-Сұлтан қаласында екенін, президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен тікелей байланысқа шығып отырғанын" жазды.

Қақтығыстар салдарынан құқық қорғау органдары ғимараттары мен мемлекеттік маңызы бар обьектілер өртенген. Билік 20 мың «террорист» шабуылдады деген ақпарат таратқан. Төтенше жағдай 19 қаңтарға дейін жарияланған.

7 қаңтар күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ескертусіз оқ ату» туралы бұйрық бергені туралы айтқан.

Президент жағдайды тұрақтандыру үшін ҰҚШҰ елдерінен әскери көмек сұрады. Қазақстанға Ресей, Армения, Тәжікстан, Беларусь пен Қырғызстан әскері келді. 13 қаңтар күні оларды кері қайтару басталды.

Ресми ақпарат бойынша қаңтар оқиғасы салдарынан елде 227 азамат қайтыс болған. Оның ішінде әскерилер мен полицейлер саны – 19. Қайтыс болғандар арасында кәмелеттік жасқа толмаған 3 бала бар.

Бас прокуратура қайтыс болғандар тізімін жариялаудан бас тартты. Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин бейбіт адамдарға оқ атылмағаны туралы айтты.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев жаңа министрге бірқатар тапсырма берді

02.04.2025

Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барады

01.04.2025

Тоқаев пен Пирц-Мусар АХҚО-ны аралап көрді

01.04.2025

Дариға Назарбаева Астанадан Дубайға немерелерімен ұшып кетті - журналист

01.04.2025

Тоқаев Ұлттық құрылтайда көтерген бастамаларға қатысты жоспарға қол қойды

01.04.2025

Назарбаевтың суреттері Астанадағы алаңнан алып тасталған. Әкімдік не дейді?

01.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев жаңа министрге бірқатар тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовті қабылдады,

Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен 3-4 сәуір күндері Өзбекстанға жұмыс сапарымен барады

Тоқаев пен Пирц-Мусар АХҚО-ны аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанға ресми сапармен келген Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар Астана халықаралық қаржы орталығын аралап көрді

Дариға Назарбаева Астанадан Дубайға немерелерімен ұшып кетті - журналист

Тоқаев Ұлттық құрылтайда көтерген бастамаларға қатысты жоспарға қол қойды

53 тармақтан тұратын бұл құжатты Президент Әкімшілігі Үкіметпен бірлесіп әзірлеген

Назарбаевтың суреттері Астанадағы алаңнан алып тасталған. Әкімдік не дейді?

Астанада әкімдік аумағындағы алаңнан Нұрсұлтан Назарбаевтың суреттері бар стендтер алып тасталған