Моңғолияда көмір ұрлаған айыпталушы Қазақстанда құрылыс жүргізген 

Көтеріліске себеп болған да осы кәсіпорын

Malim Админ

  • 07.12.2022

Моңғолиядағы көмір ұрлығына байланысты жаңа деректер шықты. Елдің депутаттары көмір сатқан айыпталушының Қазақстанда құрылыс жүргізгенін айтып отыр.   Олардың айтуынша, қылмысқа қатысты кәсіпорынның қаржы бөлімінің басшысы дәулетті адам.  

«ЭрдэнэсТавантолгой» АҚ компаниясы қаржы бөлімі  басшысының байлығы соншалық, Қазақстанда үлкен бір кварталдың құрылысын жүргізген. Көтеріліске себеп болған да осы кәсіпорын»,- дейді  Моңғолияның Парламенті депутаттар тобының жетекшісі Одон Цогтгерел. 

«Халық наразы. Жастар ашулы. Билік мәселені құбылтып отыр. Моңғол халық партиясы  мүшелері қанша алдаусыратқанымен,   адамдардың тоңазытқыштары бос, көтерілісте жастар Моңғолияда жақсы өмір сүру үшін табысы жоғары Кореяға барып жұмыс істегілері келмейтінін жеткізді.   Біз көмір ұрлығы жайында бұрыннан айтып келеміз. Билік неге көмір ұрлау мәселесіне қатысты келісім-шарттар мен есімдерді ашық айтпайды. Жасырын түрде келісім-шарт жасасқан 2 адам әлі де Ұлттық қауіпсіздік кеңесінде отыр», - деді Одон Цогтгерел.  

Билік өкілдеріне халық бірнеше талап қойып отыр.   Премьер-министр Л.Ойын-Эрдэнэ бұл тұрғыда парламентті құрылымдық жағынан жасақтау керек дейді. Ол «Мен күресімнен қайтпаймын» деген мәлімдеме жасап, істің насырға шаппауын қалайтынын жеткізді .   

«Шерушілерден 20 шақты талап-арыз алдық.  Жүйелік өзгерістер туралы 14 азаматтық қоғам ұйымы пікір білдірді.  Мен бұл туралы ұзақ ойланып, тиісті адамдармен талқыладым.  Негізі бұл жүйені біз 30 жыл бойы қолдандық.  Парламенттің өкілділігі күннен күнге нашарлап барады. Демократияның негізгі тірегі қуатты парлементтік жүйе . Парламенттік басқару – парламенттегі өкілдерге сенім арту арқылы басқару құқығын мүшелерге уақытша беру керек.  Осы тұрғыда бүгінгі жүйеде шағын партиялар сайлауға қатысып, Парламентке кіре алмайды»,- деді ол. 

Көмір ұрлығын жасағандар наразылық акциясын басқа жаққа бұрмақ болған.  Үкімет көмір дауына байланысты  Қытай тарапымен ымыраға келмеді.  «Эрдэнэс Тавантолгой» компаниясының бұрынғы басшылығы оны саясиландыруға тырысты.  Бұл мәселеде жұртшылық аса қырағы болуы керек.  Көмір ұрлығына қатысты  түрлі ақпарат тарап жатыр»,- деп мәлімдеді Моңғолия премьер-министрі.     

Байланысты жаналықтар

Моңғолия мектептерінде ағылшын тілі негізгі шет тіліне айналады

16.08.2024

Этникалық қазақтарға 55 «Ата жолы» картасы берілді

22.07.2024

Тәуелсіздік алғалы қанша қандас елімізге оралды

24.06.2024

Моңғолиядағы наразылық. Көмір ұрлағандар тізімінде депутаттар бар

06.12.2022

Назарбаевтан «бата алған» президент және Моңғолиядағы шеру

08.04.2022

Қазақстанның Моңғолиядағы Төтенше және өкілетті елшісі ауысты

08.04.2022
MalimBlocks
Моңғолия мектептерінде ағылшын тілі негізгі шет тіліне айналады

Моңғолияда 2024 жылдың қыркүйегінен бастап ағылшын тілі елдегі негізгі шет тіліне айналады. Ал тілді үйрететін мұғалімдер шетелде білім алады.

Этникалық қазақтарға 55 «Ата жолы» картасы берілді

Олар 15 елден келді: Ресей, Қытай, Ауғанстан, Моңғолия, АҚШ, Австрия, Израиль, Германия, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Нидерланд, Финляндия, Франция және Түрікменстан.

Тәуелсіздік алғалы қанша қандас елімізге оралды

Білім деңгейі бойынша еңбекке жарамды жастағы қандастардың 16,9 пайызы жоғары білімі, 22,6 пайызы арнайы орта білімі, 55,3 пайызы жалпы орта білімі және 5,2 пайызы білімі жоқ.

Моңғолиядағы наразылық. Көмір ұрлағандар тізімінде депутаттар бар

9 қылмыстық іс қозғалды

Назарбаевтан «бата алған» президент және Моңғолиядағы шеру

67 адам ұсталып, 7 полиция қызметкері зардап шеккен

Қазақстанның Моңғолиядағы Төтенше және өкілетті елшісі ауысты