Назарбаеваның ұлы енді ұялы байланыс саласын игермек

Malim Админ

  • 31.05.2021

Депутат Дариға Назарбаеваның ұлы Нұрәли Әлиев ұялы байланыс компаниясын құрмақшы.

Бәсекелестікті дамыту және қорғау агенттігінің басшысы Серік Жұманғарин келесі жылдан бастап Қазақстанда жаңа ұялы байланыс операторы жұмыс істейтінін мәлімдеді. Оның сөзінше, қазір агенттік нарықта Қазақтелеком (Теле-2 мен Kcell) мен Билайннан өзге үшінші оператордың пайда болуына жұмыс істеп жатыр.

«Қазіргі уақытта нарықта Қазақтелеком (Теле-2 мен Kcell) мен Билайннан сияқты екі үлкен ұялы байланыс операторы бар. Біз үшінші оператордың пайда болуына жұмыс істеп жатырмыз... Ол радио толқын алғысы келсе, оған бірінші лицензия ал дайді. Лицензия алуа барса, бірінші радио толқын ал дейді. Қазір біз осы мәселені шешіп жатырмыз. Құдай қаласа, келесі жылы тағы бір ұялы байланыс операторы жұмыс істейді. Бұл отандық «Транстелеком» болады», - деді Жұманғазин.

Серік Жұманғазиннің айтуынша, «Транстелеком» 2025 жылға қарай нарықтың 5 пайызын алуы мүмкін. Бірақ әзірге ол нақты көрсеткіш емес.

Ақпан айында «Транстелеком» компаниясының 75 пайыз акциясы (экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен-немересі) мәжіліс депутаты Дариға Назарбаеваның ұлы Нұрәли Әлиев құрған «Unit Telecom» компаниясының иелігіне өткен.

2020 жылы «Транстелеком» АҚ-ның негізгі капиталы 12 млрд теңге, жалпы табысы 13 млрд теңге болған. «Unit Telecom» ЖШС 2014 жылы тіркелген. Бірақ мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2020 жылы небәрі 9090 теңге көлемінде салық төлеген.

«Forbes» журналының есебі бойынша, 2020 жылы Нұрәли Әлиевтің байлығы 269 000 000 доллар болған. Ол «Capital Holding» ЖШС-ға иелік етеді. Бұдан бөлек, «Darmen Holding» компаниясы мен «Nd Capital» венчурлық қорының акционері.

Соңғы жылдары Нұрәли Әлиевтің есімі Ұлыбританиядағы қымбат жылжымайтын мүліктерге байланысты дауларда жиі аталуда.

                                                                                                                    
 

 

Байланысты жаналықтар

Назарбаевтарды қудалау басталды ма? – «Болаттың базарын» басқарғандарды іздеп жатыр

16.01.2023

Мәди Ахметов сабағы: Қазақ еліне + 50 су жорға депутат

06.12.2022

Тоқаевтың ұлықталуы. Назарбаевты көрсетпеу

26.11.2022

Президент болғысы келмейтін кандидаттар

12.10.2022

«Әркім өз қамын ойлайтын заман» – «Алтын» тауып алған Әубәкіров

07.10.2022

Болат Назарбаевқа қатысы бар тағы бір базар қайтарылды

04.10.2022
MalimBlocks
Назарбаевтарды қудалау басталды ма? – «Болаттың базарын» басқарғандарды іздеп жатыр

Жұрт "Болаттың базары" атап кеткен "Алтын Орда" базарының түпкі иесі Болат Назарбаев екенін былтыр көктемде ресми түрде хабарланған.

Мәди Ахметов сабағы: Қазақ еліне + 50 су жорға депутат

«Аманат» деген партияның саяси менеджмент атты академиясы (!) бар екен. Сол академияның ішінен  «Жас саясаткер мектебін» ашылыпты

Тоқаевтың ұлықталуы. Назарбаевты көрсетпеу

Бүгін Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан президенті қызметіне ресми кірісу рәсімі мен ұлықтауы шарасы өтті. Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент ретінде екінші мәрте ұлықталуы.

Президент болғысы келмейтін кандидаттар

Елеусізов пен Қосановтың ізбасарлары Жаңа Қазақстанда да көп.

«Әркім өз қамын ойлайтын заман» – «Алтын» тауып алған Әубәкіров

Кешелі бері тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің президент Қасым-Жомарт Тоқаев туралы сөзі талқыланып жатыр.

Болат Назарбаевқа қатысы бар тағы бір базар қайтарылды

Алматы қалалық соты ресми шешім шығарды. Бірақ, сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.