Назарбаевқа арналған жиын өтіп жатыр

Экс-президент Н. Назарбаевтың 80 жылдығы ерекше жағдайда өтіп жатыр. Биыл пандемия әлемді әлекке салды. Әбігер болған жұрт, дәріханалардан парацетамол таппай, сергелдеңеге түсті. Бірақ пендемия елбасын тануға кедергі бола алмайды екен. Ұлттық академиялық кітапханада "Нұрсұлтан Назарбаев. Жауапты көшбасшылық: сабақтастық және эволюция" атты Халықаралық конференция өтіп жатыр.
Конференцияны ұйымдастырушылар: ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеу институты және ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі.
Форумға ғылыми-талдау орталықтарының басшылары мен жетекші сарапшылары, Қазақстанның жоғары оқу орындарының ректорлары, аймақтық халықаралық ұйымдардың басшылары, сондай-ақ беделді шетелдік сарапшылар қатысып, Назарбаевтың көшбасшылық қасиетін жан-жақты айтып жатса керек.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды