«Назарбаевтар иемденіп алған жерді халыққа қайтарам» – Хасен Қожахмет президент сайлауына қатыспақ

Президент сайлауы өтетін күн белгілі. Президенттікке қатысам дейтіндер көріне бастады. Солардың бірі Қасен Қожахмет. Ол Тоқаевқа қарсылас бола ала ма? Ол бұған дейін бірнеше рет президенттікке үміткер ретінде тіркелуге бірнеше рет талпынған.

  • 26.09.2022
Х.Қожахмет / Фото: ser-bek.ru

«Азат» қозғалысының, «Қазақ елі» коалициясының төрағасы, қоғам қайраткері, 73 жастағы Хасен Қожахмет Қазақстан президенті сайлауына кандидатурасын ұсынбақ. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі «Арон Атабек Воля» парақшасында мәлімдеді.

Ол өз бағдарламасында Қаңтар қырғынана қатысты біраз шындықтың бетін ашам деп отыр. Және бұған дейін саяси, азаматтық көзқарасы үшін ұсталған, қамалған азаматтарды босатам дейді.

«Ешқандай елде «жаппай тәртіпсіздік» үшін азаматтарды ұзақ мерзімге қамамайды. Халықты қорқытып ұстау үшін 2006 жылы «Шаңырақ оқиғасы» бойынша арон Атабек, Ерқанат Тараншиев, Құрманғазы Өтегенов, Рүстем Тұяқовтар кінәсіз сотталды. Олар ақталуға тиіс.

Қазақстан нарықтық экономикаға өтетінін мәлімдеді, бірақ, бар байлықты олигарх-капиталистердің ешқандай бәсекеге түспей-ақ тұңғыш президент пен оның туыстары иемденгенін халық көрді.  Биліктегі мұндай кландық бассыздықты тоқтату үшін елдегі ірі кәсіпорындарға ұлттық дәреже беру керек. Назарбаев кланы мүшелері иемденіп алған жерлерді жергілікті халыққа тез арада қайтару керек», - дейді ол жаңа бағдарламасында.

Ол одан арғы ұсыныстары мен толықтыруларын халықпен кездесу кезінде айтам дейді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектің басындағы жолдауында кезектен тыс президент сайлауын өткізуді жоспарлап отырғанын, өзінің де қатысуға дайын екенін айтқан. Сайлаудың уақыты 20 қарашаға белгіленді. Одан кейін Конституцияға тағы бір өзгеріс енгізіліп, Қазақстан президенті 7 жылдық бір мерзімге сайланатын болып бекітілді. Бұл өзгерістер қоғамда көп талқылау тудырды.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мажарстан Премьер-министрімен келіссөз жүргізді

20.05.2025

Тоқаев Будапештке жетті

20.05.2025

Сот жүйесіндегі реформалар заң мен тәртіпті нығайтады  

20.05.2025

Тоқаев Румыния президенті Никушор Данға құттықтау жеделхатын жолдады

20.05.2025

Абай облысының экс-әкімі Ұранхаев жаңа лауазымға тағайындалды

20.05.2025

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

19.05.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мажарстан Премьер-министрімен келіссөз жүргізді

Тоқаев Будапештке жетті

Сот жүйесіндегі реформалар заң мен тәртіпті нығайтады  

Тоқаев билігінің алғашқы кезеңінде сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуге бағытталған арнайы ұлттық стратегиялық жоспарды қабылдады

Тоқаев Румыния президенті Никушор Данға құттықтау жеделхатын жолдады

Абай облысының экс-әкімі Ұранхаев жаңа лауазымға тағайындалды

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

Шетелдік капитал иелері алдымен Қазақстанның соңғы жылдардағы сыртқы іскерлік байланыстарына назар аударады