"Орталық Азия елдері АҚШ әскерін орналастыруға келіскен сәтте нысанаға айналады"

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 25.08.2021

Орталық Азия елдері өз аумағында АҚШ әскерін орналастыруға келіскен сәтте нысанаға айналады. Бұл жөнінде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров хабарлады.

Тамыздың 24-і күні Будапеште Венгрия сыртқы істер министрімен болған кездесуден кейін БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берген Ресей СІМ Сергей Лавров Орталық Азия елдеріне қатысты мәлімдеме жасады. Онда ол аймаққа АҚШ әскерін орналастыру, Орталық Азия елдерін шабуыл нысанына айналдыратынын айтты.

«Ресей Орталық Азияда АҚШ әскерін көргісі келмейді. Біріншіден, біздің ортақ қауіпсіздік аймағымыз бар. Ол аймақтың өз міндеттемелері бар. Мен Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымын айтып тұрмын. АҚШ Ауғанстаннан шыққан уақытта әскерінің бір бөлігін Орталық Азияда орналастырғысы келген. Олар қажет болған жағдайда Ауғанстанға сол жерден соққы жасауды қалады. Орталық Азия ғана емес, әлемнің кез келген елі АҚШ-тың талабын орындаймын деп нысанаға айналғысы келеді деп ойламаймын. АҚШ әскерін өз аумағыңа орналастыру, өзіңді шабуыл нысанасына айналдыру», - деді Лавров.

Бұдан бөлек, Серей Лавров АҚШ әскерімен бірлесіп жұмыс істеген Ауғанстан азаматтарын Орталық Азия елдері аумағына уақытша орналастыруға байланысты пікір білдірді. Онда ол бұл мәселені аймақ елдерінің өзі шешетінін, бірақ АҚШ ұсынысы көңілге қонымсыз екенін мәлімдеді.

Тамыздың 15-і күні Талибан қозғалысы Кабул қаласын басып алып, Ауғанстанға толықтай бақылау орнатқан. Қазір Ауғанстанда тек Панжшер аймағы ғана тәліптерге бағынбаған. Онда 2001 жылға дейін Солтүстік Альянс лидері болған Ахмад Шах Масудтың ұлы Ахмад Масуд жақтастарын жинауда. Олар Талибан қозғалысына қарсы күш біріктіруде.

Байланысты жаналықтар

Ресей Қазақстан арқылы микрочип тасып жатыр  

06.03.2023

Оралды Ресейге беру қылмыс емес екен

21.02.2023

«Abrams және Leopard танктері денсаулыққа зиян екен»

27.01.2023

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі журналистерге алаңдаушылық білдірді

20.01.2023

Тәліптер қыз балаларға тағы бір тыйым енгізді

21.12.2022

Орыс газы қазақ пен өзбек газына қосылғысы келеді

29.11.2022
MalimBlocks
Ресей Қазақстан арқылы микрочип тасып жатыр  

Ресейге құны 3,7 миллион доллар болатын микрочип сатқан

Оралды Ресейге беру қылмыс емес екен

Сот сараптамасы  осындай шешім шығарды

«Abrams және Leopard танктері денсаулыққа зиян екен»

Атыс көлігі  онкологиялық аурулардың өршуіне алып келеді

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі журналистерге алаңдаушылық білдірді

Құқық бұзушылықтарға кінәлі адамдар жауапқа тартылуы керек

Тәліптер қыз балаларға тағы бір тыйым енгізді

Халықаралық қауымдастық "тәліптер уәделерін бұзды" деп есептейді.

Орыс газы қазақ пен өзбек газына қосылғысы келеді

«Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің ұсынысын қолдап, үш жақты газ одағын құруды қолдады».