Пәкістандағы жарылыстан 59 адам көз жұмған 

150-ден астамы жараланды

Malim Админ

  • 31.01.2023

Пәкістанның Пешавар қаласындағы мешітте болған жарылыстан кемінде 59 адам қаза тауып, 150-ден астамы жараланды. Жарылыс түскі намаз кезінде болған, ғимараттың бір бөлігі қирап, көп адам үйінді астында қалып қойған, деп хабарлады ВВС.

  Жарылыстың себебі анықталып жатыр. Билік намазға қатысушылар арасында полиция қызметкерлері көп болғандықтан, бұл алдын ала жоспарланған болуы мүмкін деп отыр. Қауіпсіздік қызметі өкілдерінің айтуынша, намаз оқып жатқандардың алдыңғы қатарында тұрған жанкешті өзін-өзі жарып жіберген. Әзірге шабуылды ешбір топ өз мойнына алған жоқ.

Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф жарылыс жасағандарды айыптап, олардың исламға еш қатысы жоқ екенін айтты.

Жарылыс түскі намаз кезінде болған және әлеуметтік желіде тараған Би-би-си растаған видеода мешіт қабырғасының жартысы опырылып, аман қалғандар кірпіш үйінділерінің астынан шығуға мәжбүр болғаны көрсетілген.

Қазір оқиға орнында құтқарушылар тірі қалғандар мен қаза тапқандарды іздеу операциясын жалғастырып жатыр. Пешавардағы Леди Рединг ауруханасында төтенше жағдай жарияланды – жаралылар әлі де келіп жатыр, көбінің жағдайы ауыр.

Өткен наурызда Пешаварда шииттердің мешіті жарылып, ондаған адам қаза тапты. Исламабадта полиция лаңкестік қауіп-қатердің жоғары деңгейін жариялап, астанадағы және одан тыс жерлердегі барлық бақылау-өткізу бекеттерінде тексеру күшейтілді.Бұған дейін жарылыстан 32 адам қаза тапқанын еді.              

Байланысты жаналықтар

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

16.05.2025

Үндістан мен Пәкістан атысты тоқтату туралы келісімді растады

11.05.2025

Үндістан мен Пәкістан атысты тоқтату жөнінде келісімге келді - Трамп

10.05.2025

Пәкістан қорғаныс министрі ядролық қару қолдану мүмкіндігі туралы пікір білдірді

10.05.2025

Қазақстан Үндістан мен Пәкістанды ұстамдылыққа шақырды

08.05.2025

Үндістан мен Пәкістандағы қазақстандықтар эвакуациялана ма? СІМ жауабы

08.05.2025
MalimBlocks