Полиция, сот және прокурор карантинде моншаға баруға неге құмар?

Malim Админ

  • 16.02.2021

Қазақстандық полиция, сот, прокуратура қызметкерлері жаһандық пандемия уақытында моншаға (саунаға) барғанды жақсы көретін тәрізді.

Кешеден бері «Facebook», «Instagram», «WhatsApp» сияқты әлеуметтік желілерде Семей қаласындағы монша кешенінің бірінде түсірілген фото тарап кетті. Онда бір топ ер адамның дастархан басында отырғаны бейнеленген. Фотоны «Facebook» желісінде таратқандардың бірі Руслан Лазутаның сөзінше, моншада көңіл көтеріп отырған азаматтардың барлығы Семей қалалық полиция инспекторлары. Олардың арасында жергілікті полиция қызметінің басшысы Ришат Сұңғатов та бар. Болжам бойынша, инспекторлардың көңілді отырысы қаңтар айының соңында болған. Бұл уақытта Шығыс Қазақстанда коронавирус індетіне байланысты қандай да бір жиын немесе той өткізуге тыйым салынған. Шектеулердің орындалуын полиция инстпекторларының өздері қадағалауы тиіс болған.

Аталмыш оқиғаға байланысты облыстық полиция департаменті мәлімдеме таратты. Онда Департамент желіде тараған фотода расымен де Семей полиция басқармасының қызметкерлері бар екенін растады.

«Әлеуметтік желілерде тараған фотода расымен де Семей қалалық полиция басқармасының қызметкерлері бар. Аталмыш фактіге байланысты ШҚО Полиция демпартаментінің ішкі қауіпсіздігі тексеру жұмысын бастады», - делінген департамент таратқан мәлімдемеде.

Құзырлы орган қызметкерлерінің моншада демалуын Қазақстан халқы алғаш рет көріп отырған жоқ. Бұған дейін ел 2020 жылдың сәуір айында Алматы облысының Сарыөзек ауылындағы сауналардың бірінде өздерін «ОПГ» (ұйымдасқан қылмыстық топ) атаған судья (Кербұлақ ауданының судьясы Дінмұхамед Сейтов) мен прокурордың (Панфилов ауданының прокуроры Саян Шалғымбаев)  көңіл көтеруіне куә болған. Бірақ ол кезде желіге фото емес, видео тараған.

Бұдан бөлек, халық 2020 жылдың 18 сәуірінде (Қазақстан толықтай карантинге жабылған уақытта) Ақмола облыстық жемқорлықпен күрес бюросының тергеу басқармасы басшысы Руслан Тұрғанбековтың Көкшетау қаласындағы «Избушка» монша кешеніндегі көңілді кешін қызықтаған.

https://www.youtube.com/watch?v=2KYYK46aqNQ&feature=emb_title

Байланысты жаналықтар

Алматыда жігіт қыздардың алдында мүшесін ұстап жүгіріп жүр

19.03.2025

Семейде оқушыны соққыға жыққан жасөспірімдерге қатысты үкім шықты

19.03.2025

Ішкі істер министрі Алматы әуежайында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді

19.03.2025

Азаттық радиосы АҚШ ғаламдық медиа агенттігін сотқа берді

19.03.2025

Қуандық Бишімбаевтың үстінен арыз түсті

18.03.2025

Алматылық ер адам ChatGPT көмегімен сотта жеңіп шықты

18.03.2025
MalimBlocks
Алматыда жігіт қыздардың алдында мүшесін ұстап жүгіріп жүр

Семейде оқушыны соққыға жыққан жасөспірімдерге қатысты үкім шықты

Сот шешімімен үш жасөспірім арнайы мектептерге жіберілді.

Ішкі істер министрі Алматы әуежайында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді

Бұл дерек бойынша үш қылмыстық іс қозғалды

Азаттық радиосы АҚШ ғаламдық медиа агенттігін сотқа берді

Азаттық радиосы АҚШ ғаламдық медиа агенттігі мен оның лауазымды тұлғаларын сотқа берді

Қуандық Бишімбаевтың үстінен арыз түсті

Алматылық ер адам ChatGPT көмегімен сотта жеңіп шықты

Ол талап арыз және басқа да құжаттарды ChatGPT арқылы әзірлеген