Польшада өрт қоюға оқталған шетел азаматы ұсталды

Кінәсі дәлелденсе, қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Аялдар Күнтуған

  • 13.11.2024

                     Фото интернеттен алынды

Польшаның ішкі қауіпсіздік агенттігі Гданск қаласында Ресейдің диверсиялық науқанына қатысы болуы мүмкін күдіктіні ұстағанын хабарлады. Бұл туралы агенттік сайтында жарияланды. Күдікті белгілі бір нысанды өртеуді көздеген.

Польшаның ішкі қауіпсіздік агенттігі Варшавада «Гданьскідегі нысанды өртеп жібермек болды» деген күдікпен Беларусь азаматы ұсталған.

Күдіктінің аты-жөні белгісіз, ол 6 қараша күні тұтқындалған. Ведомство күдіктілер өртеп жібермек болған нысан туралы ашық ештеңе мәлім еткен жоқ.

Кінәсі дәлелденсе, қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ведомствоның хабарлауынша, қамауға алу «шетелдік барлау қызметінің мүддесі үшін диверсиялық әрекеттерді, әсіресе өрт қоюды жүзеге асырған ұйымдасқан қылмыстық топты» тергеудің соңғы нәтижесі болды. «Басқа диверсиялық әрекеттер үшін пайдаланылуы мүмкін заттар» да тәркіленді.

Польша мен басқа да Батыс елдері биыл Ресейді елдің тыныш өмірін шайқалтуға бағытталған бірқатар диверсиялық әрекеттерді ұйымдастырды деп бірнеше рет айыптаған болатын.