ПШАМЫК елдері – Қазақстанның инвестициялық әріптестері

Парсы шығанағының араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы Қазақстанға келіп, бірнеше келіссөзге қатысты.

  • 05.08.2022

 

Сыртқы саясаттағы кез келген елдің ұстанымы – ең алдымен өз мүддесін қорғайтыны түсінікті. Дегенмен, мұндай қарым-қатынастағы тағы бір көзге көп түсе бермейтін мәселе – елдер арасындағы байланыс ең алдымен әлемді де жақсартуға, азаматтардың қимыл-қозғалысын жеңілдетіп, барам деген еліне барып, алам деген дүниесін алуға, әлемді тануына мүмкіндік жасау. Мәселен, әлемде «жабық мемлекет» деген ұғым бар. Айталық, Солтүстік Корея. Есігін тарс жауып алып, ешкімге ештеңе бермей, ешкімнен ештеңе алмай, өзімен өзі жатқан ел. Сыртқы қарым-қатынасы да белгілі бір деңгейде шектеулі. Бұл, әлбетте, азаматтардың дүниетанымын шектейді, елдің экономикалық ахуалына да аз кесір тигізбейді. Ал, о бастан-ақ зайырлы жолды таңдап алған Қазақстан азаматтарының алысқа баруына мүмкіндік берді. Қазақстанға келем деген шетелдіктерге де шектеу қойған жоқ. Өйткені, ел осы арқылы өседі. Қазақ «Бармасаң, келмесең – жат боласың, алмасаң, бермесең – сарт боласың» дегенді жайдан жай айта салмаған. Осы жағынан алғанда, діни, азаматтық көзқарастарына қарамастан, Қазақстанның алыс-жақын шетелдермен байланысты жақсы жолға қоюы және кез келген одақ, ұйым, қауымдастық құрамында ылғи да ашық саясатты қолдап келген еліміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында бұрын тым тереңдемесе де, онша жақындап та кетпеген жаңа аймақтармен қарым-қатынасқа жіті мән бере бастады. Соның ең бастысы Қазақстан азаматтары жиі ести бастаған Араб елдері.

Дүниеде ПШАМЫК деген ұйым бар. Бұл ұйым нақтылап айтқанда кеңес - Парсы шығанағының араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі ең алдымен әлемдік аренаға қатар тұрып қол созған аймақтық бірлестік. Бұл кеңеспен бірге жұмыс істеуге қандай ел болса да мүдделі. Себебі, әрине, мұнай. Қазақстан мұнайлы елдер қатарында, сондықтан бұл елдермен қарым-қатынас мұнай саласындағы тәжірибе алмасу ғана емес, негізінен құм, құрғақта орналасқан бұл елдерге ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау тұрғысында өте маңызды әріптес бола алады. Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаев экспорт мәселесін сөз қылғанда, сыртқа шикізат емес, нақты өнім шығару керек деген ұстанымды айтып жүр. Ол да рас, сыртқа бидай мен мал емес, ұн мен ет экспорттасақ ұтарымыз аз болмайтыны түсінікті. Өз ішіңде өндіріс дамыса, азаматтарыңа да қаншама жұмыс тауып бересің. Жұмыспен қамту деген де сол болса керек. Және, Араб мемлекеттері экономикасы жоғары елдер қатарына жатады, олар біздің елімізде өндіріс орындарын ашуға инвестиция салуға да ниетті. Сондықтан, президенттің Сауд Арабиясына барып, дәл осы міәселе бойынша біраз бастама көтеріп қайтты. ПШАМЫК мүшелері де Қазақстанға инвестиция салуға болатын сенімді әрі тұрақты әріптес ретінде қарайды.

Осындай мақсаттағы келіссөздерді жүргізіп, қарым-қатынасты жолға қою үшін ПШАМЫК-тың бас хатшысы Наиф Хаджрафтың Қазақстанға ресми сапарлап келуі де көп нәрсені аңғартады. Алдымен Сыртқы істер министрімен, артынша премьер-министрмен кездесу өткізген кеңестің бас хатшысы жер түбінен жайдан жай келмегені анық.

 

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесуде әңгіменің негізгі арқауы болған – Орталық Азияның ПШАМЫК-пен өңіраралық ынтымақтастығының перспективаларын, Қазақстанның араб елдерімен өзара іс-қимылы, сонымен қатар, халықаралық күн тәртібіндегі өзге де өзекті мәселелердің айналасында болды.

Мұхтар Тілеуберді ең алдымен ПШАМЫК-тың салмағына тоқталып барып, сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық жобалардың маңызды екеніне тоқталды.

«ПШАМЫК – бүгінде Қазақстан үшін айтарлықтай қызығушылық тудыратын қарқынды дамып келе жатқан халықаралық ұйым. Біздің республикамыз Шығанақтағы араб елдерімен тұрақты және достық қарым-қатынас орнатқан және осы өңірмен сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті. Қазақстан ПШАМЫК-тың барлық мүше мемлекеттердің азаматтары үшін визасыз режим енгізіп, САК, БАӘ, Қатар және Кувейтпен тікелей әуе қатынасын ашты. Шығанақ елдері Қазақстан экономикасының ірі инвесторлары», - деді сыртқы істер министрі.

Иә, тікелей әуе қатынасын ашу да оңай шаруа емес. Және барыс-келісің аз болса арнайы әуе қатынасын ашудың қажеті де болмас еді. Демек, бұл елдермен қащіргі байланыс та, келешек даму да жолға қойылған деуге болады. Бұл жағынан бас хатшы Н.Хаджраф та үлкен үміт күтетінін білдірді. Ол «ПШАМЫК-қа мүше мемлекеттердің Орталық Азия өңірімен ынтымақтастықтың көпжақты форматын орнатуға» мүдделі екенін айтқан ол, бұл бағыт бойынша нақты жоспарлар да бар екенін айтты. Соның бірі «ОА - ПШАМЫК» диалог алаңы. Орта Азия мен Парсы шығанағындағы Араб елдерінің арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруге тиіс бұл жоба аясында алғашқы министрлік кездесуін өткізу де жоспарланып отыр. Бұған бастамашы болып отырған да сол – бас хатшы бастаған делегация.

Жалпы, бұл ұйыммен былтыр, бір жылдай уақыт бұрын 2021 жылдың 12 қазанында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен ПШАМЫК бас хатшылығы арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылған. Биылғы кездесуде де осы құжаттың маңыздылығы айтылды. Айта кетерлігі, бұл құжат Қазақстанға көптеген мүмкіндіктер береді. Ол осы кеңеске мүше елдердің кез келгенімен екіжақты келісім жасай алады және осы ұйым арқылы бірнеше бағытта, яғни, көпжақты форматта өзара ынтымақтастық оранта алады.

Бұдан кейін ПШАМЫК бас хатшысын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қабылдап, шығанақ елдері мен Қазақстан арасындағы байланысты дамыта түсудің маңызды екеніне тоқталды. Алдағы уақытт бұл кеңес арқылы осы кеңеске мүше елдермен жеке-жеке қарым-қатынас та жаңа деңгейге жететініне сенім білдірді. Дипломаттар ең алдымен достық қарым-қатынас пен экономикалық байланыстарды дамытуға, нығайтуға күш салатынын айтып тарасты.

1981 жылы құрылған Парсы шығанағының араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі мүшелері - Сауд Арабиясы Корольдігі, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн Мемлекеті, Оман Сұлтандығы, Катар Мемлекеті және Кувейт Мемлекеті. Штаб-пәтері Рияд қаласында орналасқан. Ұйымның негізгі мақсаты – қатысушы мемлекеттер арасындағы саяси үйлестіру және экономикалық интеграция, Парсы шығанағы аймағында өңірлік қауіпсіздік пен қорғанысты қамтамасыз ету саласындағы өзара байланыс орнату екенін ескерсек, бұл ұйымның Қазақстанның сыртқы саясаттағы маңызды әріптестерінің бірі болатыны анық.

Байланысты жаналықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

24.07.2024

Рада Украинадағы мобилизация мен әскери жағдайды ұзартуды мақұлдады

23.07.2024

Тоқаев Мәсімовке рақымшылық жасау мәселесіне нүкте қойды

23.07.2024

Тоқаев еңбек демалысына шықты

23.07.2024

Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

23.07.2024

АҚШ президенттігінен үміткер Камала Харрис кім?

22.07.2024
MalimBlocks
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Тараптар аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырды

Рада Украинадағы мобилизация мен әскери жағдайды ұзартуды мақұлдады

Соғыс жағдайын жалғастыру үшін 339 дауыс берілді

Тоқаев Мәсімовке рақымшылық жасау мәселесіне нүкте қойды

Мәсімовтің өтініші президент жанындағы кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияда қаралды

Тоқаев еңбек демалысына шықты

Айта кетейік, 2022 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2 тамызда еңбек демалысына шығып, бір апта демалды. 

Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Тоқаев Әбдел Фаттах Ас-Сисидің жауапты қызметіне толағай табыс, ал бауырлас мысыр халқына құт-береке тіледі.

АҚШ президенттігінен үміткер Камала Харрис кім?

Оның мұндай қадамға баруына президент Джо Байденнің додаға қатысудан бас тартуы себеп болған. Бұл туралы NBC News хабарлады.