Қаңтар оқиғасы: Қырғыз музыкантын Қазақстан тергеуге шақырды

Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталып, Қазақстан тергеушілері тарапынан азапталған В.Рузахунов Қазақстанның бас прокуратурасының шақыртуын қабыл ала ма?

  • 26.07.2022
Азапталған В.Рузахунов / Сурет ашық дереккөзден алынды

Қырғызстандық джазмен Викрам Рузахуновты Қазақстанға тергеу амалдарын жүргізу үшін шақырып жатыр. Бұл туралы ҚР бас прокуратурасы хабарлады.

«Қазір іс бойынша Алматы қаласы, Алматы облысы полияция департаменті қызметкерлері, ҰҚК ШҚ және медицина қызметкерлері тергелді, бірақ бірнеше себепке байланысты күдіктілер тобын анықтау мүмкін болмай тұр (видеожазбалар, әкелінген және келген адамдарды тіркеу журналы жоқ, іске қатысқан қызметкерлердің бәрі маска, оның ішінде медициналық маска тағып жүрген)».

Енді, осы Қазақстан тергеушілері анықтай алмаған күдіктілерді Рухахуновтың өзі келіп көрсетіп беруі керек екен.

Рузахунов Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда жүрген Рузахунов тергеушілер қолына түсіп, Алматыдағы бүлікке ақша үшін (90 мың тг) қатысуға арнайы келгенін айтып, арнайы видеожазбадаға түскен. Аттынша, оның қырғыз музыканты екені айтылып, Қырғызстандағы Қазақстан консулдығы алдында наразылық пикеті өткен. Рузахуновтың кім екені анықталған соң, Қазақстан тарапы оны кешірім сұрап, шығарып салған. Қырғыз тарапы бұл іске қатысты қылмыстық іс жариялап, ол тергеу 20 шілде күні аяқталған. Бұл туралы Рузахуновтың өзі:

"Сарапшылар менің денсаулығыма ауыр зиян келтірілді деп бағалады. Жиналған материалдар Қырғызстанның Бас прокуратурасы арқылы кінәлі тұлғаларды анықтау және қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанның құзыретті органдарына жіберілетін болады", — деп жазды әлеуметтік желіде.

Тергеу амалдары алты ай жүргізілгенін есептесек, содан бері «шетелдік террористі» азаптаған тергеушілердің әлі анықталмағаны және оған зардап шегушінің қайта шақырылуы – Қаңтар оқиғасына қатысты тергеудің қалай жүріп жатқанын көрсетеді.

Еске сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаңтар оқиғасы кезінде шетелден 20 мың террорист Қазақстанға кіріп кетті деп мәлімдеме жасаған. Ал, Қаңтар оқиғасына қатысты тергеу әлі жүріп жатыр. Соның ішінде азаптау күдігі бойынша бірнеше тергеуші де күдікке ілінген.   

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады